Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет215/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

а
— толық жұлдызша; б — үшбұрыш; в — толық емес жұлдыз; г — тоқтар айырмасына; 
д
— үш тоқ қосындысына; е — бір фазаның екі орамасының бірізді қосылысы; ж — бір 
фазаның екі орамасының параллель қосылысы 


505 
ықтимал үлкен қуатты алу керек болса, олардың бірізді қосылысы 
қолданылады, ал сол орамалардың параллель қосылысы екіншілік 
тізбектегі тоқты арттыруға мүмкіндік береді. Құрылым бойынша тоқ 
трансформаторларын тірек, өтпелі, шиналық, кіріктірме, тетікті және 
төлкелі болып бөледі. 
Орамалар санына байланысты біріншілік орамалар бір және көп 
орамды тоқ трансформаторларына, сонымен қатар бір немесе бірнеше 
екіншілік орамасы бар трансформаторларғажіктеледі. 6.. .10 кВ 
кернеуіне ТҚ құрастыру кезінде құйылған және фарфорлық 
оқшауламасы бар тоқ трансформаторларын қолданады, ал 1 кВ дейінгі 
кернеулер кезінде — құйылған, мақта-қағаз және фарфорлық. 
Көп орамды трансформаторларға қарағанда, бір орамды тоқ 
трансформаторлары (13.24, а сур.) құрылымдық тұрғыда қарапайым
шағын өлшемдерге ие, арзанырақ және қысқа тұйықталулар кезінде 
төзімділігі жоғарырақ. Олардың елеулі кемшілігі шағын тоқтарды 
өлшеу кезіндегі төмен дәлдік болып табылады. Олар 400 бастап 6000 А 
дейінгі біріншілік тоқтарға ішкі орнату үшін қолданылады. 
Негізінен бір өзегі бар көп орамды трансформаторлар (13.24, б сур.)
5 бастап 600 А дейінгі номиналды біріншілік тоқтарға ішкі орнату үшін
және 1000 бастап 2000 А дейінгі тоқтарға сыртқы орнату үшін 
қолданылады. 
Екі өзегі бар көп орамды тоқ трансформаторларында өзектердің 
әрқайсысы өзінің екіншілік орамасына ие, ал олардағы екіншілік орама 
ортақ (13.24, в сур.), яғни қосарланған тоқ трансформаторы ретінде 
алынады. Осындай трансформатордың әр екіншілік орамасы ол өзінің 
дәлдік санаты шектерінде жұмыс жасайтын, белгілі бір номиналды 
жүктемеге есептелген. Әдетте екіншілік орамалардың бірін өлшеу 
аспаптарын қосу үшін пайдаланады, ал басқасын – қорғаныс релелері 
үшін. Осы жағдайда орамалар бірдей немесе әр түрлі дәлдік 
санаттарына ие болуы мүмкін. 
Кейбір жағдайларда тоқ трансформаторлары (110 кВ және жоғары) 
үш және төрт өзекпен жасалады.
13.24 сур. Тоқ трансформаторларының принципиалды сұлбалары: 
а
— бір орамды; б — көп орамды бір өзекпен; 
в
— көп орамды екі өзекпен; 1 — 
біріншілік орама; 2 — оқшаулама; 
3
— өзек; 4 — екіншілік орама 


506 
13.25 сур. ТПЛ-10 тоқ трансформаторының құрылымы: 
1 — корпус; 2 — жерге тұйықтау бұрандамасы; 3 — өзек (магнит өткізгіш); 4 — бұрама; 5, 7 — 
сәйкесінше екіншілік және біріншілік орамалар; 6 — түйіспелік тілімдер; 8 — бұрыштама 
Тоқ трансформаторларының белгіленуіндегі әріптер келесіні 
білдіреді: Т — тоқ трансформаторы, П — өтпелі, О — бір орамды, М 
— көп орамды, Л — құйылған оқшауламамен, Ф —фарфорлық 
оқшауламамен. Сонымен қатар белгіленуде номиналды кернеуді 
анықтайтын сандар болуы мүмкін. П әрпінің жоқ болуы тоқ 
трансформаторының өтпелі емес, тірек трансформаторы екендігін 
көрсетеді. Сонымен қатар дәлдік санаты көрсетілуі мүмкін, ал сызық 
астында екі өзек болған кезде номиналды біріншілік тоқты көрсетеді. 
Сонымен қатар, тоқ трансформаторының орындалуын сипаттайтын 
әріп қосылуы мүмкін: қалыпты (қосымша белгіленулерсіз); термикалық 
және 
динамикалық 
төзімділік 
бойынша 
күшейтілген 
(У); 
дифференциалды қорғаныс үшін (Д); жерге тұйықталуға қарсы 
қорғаныс үшін (З).
400 А дейінгі номиналды тоққа есептелген ТПЛ-10 тоқ 
трансформаторы (құйылған оқшауламасы бар өтпелі) ғимарат ішінде 
орнатылатын ТТҚ қолданылады. Онда бір немесе екі тік бұрышты 
шихталанған өзек 3 бар (13.25 сур.), олардың жоғарғы өзектерінде 
екіншілік орамалар шарғылары 5 (бір немесе екі) орналасқан. 
Біріншілік ораманы 7 оқшауланған сымнан (кіші тоқтар үшін) және 
шиналық мыстан (үлкен тоқтар үшін) жасайды. Құйылған эпоксидті 
шайыр оқшауламасы орамалар арасында және жерге тұйықталған 
бөлшектерге қарсы орындалған. 
Эпоксидті шайырлар — сары немесе ашық қоңыр түсті шәрбат тәрізді 
сұйықтықтар немесе қатты заттар электрлік техникада электрлік 
оқшауламалық құйылатын компаундтар негізі ретінде, сонымен қатар 
желімдік лактар және желімдер ретінде кеңінен қолданылады.


507 
Олардың артықшылығы қатаю кезіндегі өте аз көлемдік шөгу (0,6...1,0%) 
болып табылады. Сонымен қатар, қатайған эпоксидті шайырлар үлкен 
беріктікке және суға қатысты төзімділікке ие. 
Монолитті эпоксидті корпус 1 орамаларды механикалық 
зақымданулардан қорғайды. Магнит өткізгіш өзегінің төменгі бөлігінде 
екі болат бұрыштама 8 бекітілген, олар тірек-өтпелі құрылымға ие 
трансформатор негізі болып табылады. 
ТШЛ-0,5 бір орамды тоқ трансформаторы шиналық болып 
табылады, себебі біріншілік орама ретінде онда тоқ өткізгіш шина 
қолданылады (13.26 сур.).
Эпоксидті компаунд құйылған 
шарғылық 
топ 
монолитті 
оқшауламалық 
блок 
болып 
табылады. Трансформатор негізі 
өзекте 
бекітілген 
екі 
болат 
бұрыштама 
болып 
табылады. 
Бұрыштамалардың 
көлденең 
сөрелерінде 
трансформаторды 
бекітуге арналған төрт бекініс бар. 
Бұрыштамалардың бірінің тік 
сөресінде З әрпімен белгіленген 
жерге 
тұйықтау 
бұрандамасы 
орналасқан. 
Өзекте 
трансформатордың 
техникалық 
деректері көрсетілген тақтайша 
орнатылған. 
13.26 сур. ТШЛ-0,5 шиналық тоқ 
трансформаторы
Ол кернеуі 0,66 кВ дейін болатын жабық қондырғыларда 
қолданылады. О-тәрізді магнит өткізгіш бар, оның өзектерінде 
екіншілік орама жасалған. Біріншілік орама шығыстары (желілік) — 
бұрандамалық қосылыстарға арналған саңылаулары бар мыс тілімдер, 
олардың корпустағы орналасуы тоқ трансформаторының түрінен 
тәуелді. Екіншілік орамалардың (өлшеуіш) басын және соңын 
монолитті корпус жақтарының бірінде орналасқан арнайы түйіспелік 
тілімдер және бұрамалар арқылы сыртқы тізбектермен жалғайды. 
400 А дейінгі номиналды біріншілік тоққа есептелген, ғимарат 
ішінде орнатылатын ТПЛМ-10 тоқ трансформаторын (өтпелі, құйылған 
оқшауламамен, түрлендірілген) толымды тарату құрылғыларының 
шкафтарында пайдаланады. Ол орамалары бар бір немесе екі тік 
бұрышты 
шихталанған 
өзектен 
құралады. 
ТПЛУ-10 
тоқ 
трансформаторы 10 бастап 100 А дейінгі тоқтарға есептелген және 
күшейтілген орындалуға ие.


508 
Өзектік дәлдік санаты 0,5. Егер 
осы 
трансформатордың 
белгіленуінде Р әрпі болса, бұл 
өзектің 
релелік 
қорғанысты 
қоректендіру 
үшін 
екіншілік 
тізбектің жалғануын рұқсат етеді. 
ТПЛ-10 тоқ трансформаторлары 
сияқты, ол трансформаторлық 
болаттан жасалған бір немесе екі 
тік бұрышты өзекке ие, олардың 
жоғарғы өзектеріне оқшауланған 
сымнан жасалған екіншілік орама 
кигізілген. 
Екіншілік 
орама 
үстінен 
біріншілік 
орама 
орналастырылады, 
ол 
кіші 
тоқтарға оқшауланған сымнан 
жасалады, ал үлкен тоқтарға – 
оқшауламасыз мыстан. Соңғы 
жағдайда орамаралық оқшаулама 
ретінде 
электрлік 
картон 
жолақтары қолданылады. 
13.27 сур. Құйылған оқшауламасы 
бар ТПОЛ сериялы тоқ 
трансформаторы 
1 — біріншілік орама шығыстары; 2 — 
құйылған корпус; 3 — екіншілік орама 
шығыстары; 4 — ернемек 
Кез келген жағдайда (көлденең, тік, көлбеу) жұмыс жасауға есептелген 
ТПОЛ сериялы тоқ трансформаторлары (13.27 сур.) ТПЛ сериялы 
трансформаторлардағыдай қағидат бойынша ұйымдастырылған, бірақ 
олардың біріншілік орамасы бір орамнан-өзектен құралады, өзекке екі 
жағынан біріншілік тізбек шиналары жалғанады. Олардың біріншілік және 
екіншілік орамалары арасындағы және біріншілік орама және жерге 
тұйықталған бөлшектер арасындағы оқшаулама ретінде құйылған 
эпоксидті шайыр әрекет етеді. Эпоксидті корпус ішкі бөліктердің 
механикалық зақымдануларға қарсы сенімді қорғанысын қамтамасыз 
ететін тұтас оқшауламалық қабат түзеді. ТПОЛ-10 тоқ трансформаторын 
қосалқы стансаларда және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ТҚ пайдаланады. 
ТПФ-10 трансформаторы (өтпелі, фарфорлық оқшауламамен, 10 кВ 
кернеуіне есептелген) фарфорлық оқшаулағыштарды 2 қамтитын бір 
немесе екі өзектен 1 құралады (13.28 сур.). Бір немесе екі шарғыдан 
құралатын екіншілік орама 
3
өзек білігіне киілген, ал дөңгелек 
оқшауланған сымның немесе таспалық мыстың бірнеше орамынан 
құралатын біріншілік орама 4 оқшаулағыштар саңылаулары арқылы 
өткізілген. Л1 және Л2 біріншілік орамаларының басы және соңы 
трансформатордың шетбеттік қақпақтарында 

тік бұрышты саңылаулар 
арқылы сыртқа шығарылған түйіспелік мыс тілімдерге 5 дәнекерленген. 
Ернемекте 
8
оқшауланған қалыптар 9 бекітілген, оларға оқшауламалық 
түтіктер (төлкелер) арқылы И1 және И2 екіншілік орамаларының басы 
және соңы, сонымен қатар жерге тұйықтау бұрандамасы 11 шығарылған. 


509 
Ернемек бұрыштары бойынша тоқ трансформаторын бекітуге арналған 
саңылаулар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет