495
жайғасымда орналасуы тиіс.
Кеңейткішті трансформатордың тар жағында орналастырған кезде,
көлбеулік
1
% (немесе
1
°) құрау керек, ал ол кең жақта орналастырылған
кезде — 1,5°. Көлбеулік жасау үшін арбашалар шығыршықтары астына
кеңейткіш жағынан қалыңдығы b =
cl
болатын болат төсемелерді
төсейді, мұндағы
с =
0,01 немесе 0,015 — нормаланған көлбеуліктің
салыстырмалы мәні; l — көлбеулік бағытындағы
көршілес арбашалар
шүберіндері арасындағы қашықтық, мм. Кез келген жағдайда әр
шығыршық арасындағы төсеме қалыңдығы кем дегенде 10 мм болу
керек, ал ұзындығы — кем дегенде 150 мм. Рельстегі шығыршықтарды
тіреулермен бекітеді, ал трансформатор багын жерге тұйықтайды.
Осыдан кейін трансформатор шығыстарына
сыртқы тізбектерді
жалғайды.
Трансформаторды шиналау
фарфорда және кірістердің басқа
бөлшектерінде механикалық кернеулер жасалмайтындай орындалады.
Шиналау үшін трансформаторлар кірістерінің мыс түйреуіштеріне
мыс-алюминий ұштықтар немесе өтпелі тілімдер арқылы жалғайтын
алюминий шоғырсымдарды және шиналарды қолданады. Сонымен
қатар тілімді лакталған алюминийден
жасалған өтпелі тілімдерді
пайдаланады.
Шағын қуатты трансформаторларда төмен кернеулі кірістер және
тарату қалқаны арасындағы ұстатқыш әдетте АПРТО немесе ПРТО
маркалы сымдармен жасалады, оларды трансформатор багының
қақпағына бұрандамалармен бекітілетін болат жолақ бойынша өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: