91
құралдары мен аспаптары орналастырылған. Шағын механизациялауда
механикаландырылған құралдар мен аспаптар, жұмысқа толықтай дайын
бригадаларға,
жиынтықталған
құбыршек
сымдарымен,
ашалық
жалғаулармен,
дәнекерлеуші
құбыршектерімен,
іскілермен,
қондырмалармен беріледі және т.б.
Слесарь- құрал-сайманшы ақаулы құралдарды ақаусыз құралдарға
ауыстыруды жүргізіп қана қоймайды, сонымен бірге өзі шағын жөндеу
жүргізеді- іскіні, кескішті қайрау, бүйіркескіштерді, тістеуіктерді
жөндеу, балға сабын қондыру. Дер кезінде жөндеу жасау құралдың
дұрыс сақталуын қамтамасыз етеді ұзақ мерзімде қолданылуын
арттырады.
Машиналар мен механизмдердің жоспарлы-алдын алу жөндеуін
нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Әдетте, жөндеудің екі түрі
жоспарланады-ағымдағы және күрделі. Машиналарға техникалық қызмет
көрсету жұмыс ауысымы ішінде орындалатын күн сайынғы және белгілі
сағатта машинамен өңделген кейінгі кезеңдік болып бөлінеді. Күрделі
жөндеуден өткен жаңа машиналар үшін, жөндеуаралық кезең
белгіленген. Күрделі жөндеуден өткен машиналар үшін, жөндеуаралық
кезең 0,8 коэффицентпен қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: