10
гидроаккумуляциялық электр станциялары (ГАЭС) болып табылады. ГАЭС
жұмысы уақыт бойынша жеке екі режимді алмастыруға негізделеді:
энергияны жинақтау және оның тұтынушыларға жіберу. Осындай
станцияларды қайтымды агрегаттармен жабдықтайды, олар қозғалтқыш және
генератор режимінде жұмыс жасай алады.
Жылу
электр
станцияларымен
салыстырғанда
гидроэлектрстанцияларының пайдалы әсер коэффициенті жоғары болады, ол
пайдалану шығындарын азырақ талап етеді және әрбір киловатт-сағатының
құны бірнеше емес төмен электр энергиясын алуға мүмкіндік береді.
Дегенмен, біздің елімізде негізінен жылу электр станциялары салынады және
ол келесі себептермен түсіндіріледі:
тек электр станцияларында ғана пайдалануға жарамды қуаты төмен
отынның мол қорының болуы;
типтік құрылыс құрылымдарынан жылу электр станцияларын жылдам
жабдықтау мүмкіндігі;
аз капитал салымы қажеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: