135
Оқшаулама зақымдалған кезде адамдарды электр тоғына ұшыраудан
қорғау үшін электрлік жабдықтардың металл тоқ өткізбейтін бөліктерін жерге
тұйықтайды. Осы мақсат үшін арналған шаралар және техникалық
құрылғылар жинағын
қорғаныстық жерге тұйықтау
деп атайды, яғни
қорғаныстық жерге тұйықтау жерге тұйықтағыш өткізгіштер және жерге
тұйықтаушылар көмегімен электрлік қондырғылардың тоқ өткізбейтін металл
бөліктерінің
(айырғыш
жетектерінің
тұтқалары,
трансформаторлар
қаптамалары,
тіректі
оқшаулағыштар
ернемектері,
өлшеу
трансформаторларының корпусы, және т.б.) жермен қасақана жалғануы
болып табылады.
Қорғаныстық жерге тұйықтау міндеті қорғалатын құрылғының металл
құрылымдары немесе корпусы және жер арасында жеткілікті кіші кедергінің
электрлік қосылысын құруда негізделеді; жерге немесе электрлік
қондырғылардың тоқ өткізгіш зақымдалған бөліктерінің корпусына бір
фазалы тұйықтаулар кезінде осындай қосылыс адамның өміріне және
денсаулығына қауіп төндіретін мәнге дейін тоқтың төмендеуін қамтамасыз
етеді, себебі оның денесінің электрлік кедергісі жермен жалғанған металл
өткізгіш кедергісінен бірнеше есе үлкен.
Жерге тұйықтау
— бұл кернеу
астында болатын электрлік қондырғы бөліктерінің жермен немесе жерден
оқшауланбаған оның құрылымдық бөліктерімен кездейсоқ электрлік
жалғануы.
Қорғаныстық жерге тұйықтау оқшауланған бейтарап сымы бар барлық
желілерде және жерге тұйықталған бейтарап сымы бар кернеуі 1000 В жоғары
болатын желілерде қолданылады. Соңғыларында бір фазалы тұйықтау
тоқтары жер арқылы өтеді және апаттық учаскенің сөндірілуін тудырады.
Керең тұйықталған бейтарап сымы бар желілерде электрлік
қабылдағыштар жұлдызға жалғанған тоқ көзінің орамаларынан қоректенеді,
олардың нөлдік нүктесі жерге сенімді тұйықталған.
Керең жерге
тұйықталған бейтарап сым
деп тікелей немесе кіші кедергі арқылы жерге
тұйықтайтын құрылғыға жалғанған трансформатордың немесе генератордың
бейтарап сымы аталады.
Достарыңызбен бөлісу: