Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет63/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

5.4.
 
Ішкі жерге тұйықтау желісін құрастыру
Орларды көму алдында жерге тұйықтаудың сыртқы контурына болат 
жолақтарды немесе дөңгелек өзектерді дәнекерлейді, содан соң олар жерге 
тұйықталуы тиіс жабдық орналасқан ғимараттың ішіне өткізіледі. Жерге 
тұйықтаушыларды ішкі жерге тұйықталатын желімен жалғайтын кірістер 
саны кемінде екеу болуы тиіс және олар өлшемдері мен қималары жерге 
тұйықтаушылардың өзара қосылыстарына сәйкес келетін болат 
өткізгіштерден орындалуы тиіс. Әдетте, жерге тұйықтаушы өткізгіштердің 
кірістерін қабырғаның екі жағынан 10 мм-ге шығып тұратын өртенбейтін 
металл емес құбырларда төсейді. 
Өнеркәсіп кәсіпорындарының цехтарында және трансформаторлық 
қосалқы станциялардың ғимараттарында жерге тұйықталуы тиіс электр 
жабдық әр түрлі орналасады, сол себепті оны жерге тұйықтау жүйесіне 
қосу үшін орынжайда жерге тұйықтайтын және нөлдік қорғау өткізгіштері 
салынуы тиіс. Соңғылары ретінде нөлдік жұмыс өткізгіштері (жарылыс 
қаупі бар қондырғыларды қоспағанда), сондай-ақ ғимараттың металл 
құрылмалары (колонналар, фермалар және т.б.); осы мақсатпен арнайы 
тағайындалған 
өткізгіштер; 
өндірістік 
тағайындалудағы 
металл 
құрылмалар (тарату құрылғыларының қаңқалары, кран асты жолдары, 
жақтаушалы арналар және т.б.), электр өткізгіштердің болат құбырлары; 
шоғырсымдардың алюминий қабықтары; шинасымдардың металл 
қаптамалары, қораптар мен науалар; кез келген тағайындалудағы металл 
стационар салынған құбыр желілері (жанатын және жарылыс қаупі бар 
заттектер мен қоспаларды, кәріз жүйесі мен орталық жылытуды 
қоспағанда) пайдаланылады. 
Нөлдік қорғау өткізгіштері ретінде түтік тәрізді сымдардың металл 
қабықшаларын, тасушы арқандарды, металл түтіктерді, сауыттар мен 
шоғырсымдардың қорғасын қабықтарын пайдалануға тыйым салынады, 
бұл ретте олар өздері жерге тұйықталуы немесе нөлденуі тиіс және барлық 
ұзындық бойынша сенімді қосылыстарға ие болуы тиіс. 
Егер жерге тұйықтаудың табиғи магистральдарын пайдалануға тыйым 
салынса, онда жерге тұйықтайтын немесе нөлдік қорғау өткізгіштері 
ретінде минимал өлшемдері 5.1. кестесінде келтірілген болат өткізгіштер 
қолданылады. 


153 
5.1 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет