156
5.16 сур. Қабылдағыштарды жерге тұйықтау магистральдарына жалғау
Түрлі типті электр қабылдағыштарды жерге тұйықтауға және нөлдеуге
қойылатын белгілі талаптар бар.
1.
Электр қондырғының әрбір жерге тұйықталатын бөлігі жерге
тұйықтайтын магистральға жеке тармақпен жалғануы тиіс (5.16 сур.). Жерге
тұйықтайтын өткізгішке бірнеше бөлікті тізбектеп қосуға тыйым салынады.
2.
Электрлік қондырғының түрлі бөліктерін жерге тұйықтауға арналған
мыс және алюминий өткізгіштердің қимасы 5.2 кестесінде көрсетілген
мәндерге сәйкес болуы тиіс.
3.
Бір фазалы электр қабылдағыштарға жерге тұйықтайтын тармақтар
жеке (үшінші) өткізгішпен орындалуы тиіс; осы мақсатпен нөлдік жұмыс
сымын пайдалануға тыйым салынған.
4.
Жерге тұйықтайтын тармақтарды металл құрылмаларға жалғауды
дәнекерлеумен орындаған жөн, ал аппараттар мен машиналардың корпусына -
бұрандамалармен. Бұл ретте түйісетін беттер металл жылтырлығына дейін
тазартылып, вазелиннің жіңішке қабатымен қапталу керек.
5.
Жылжымалы және тасымалды электр қабылдағыштардың металл
корпустары икемді сымның арнайы талшығымен жерге тұйықталады, ол бір
уақытта жұмыс тоғының өткізгіші қызметін атқармауы тиіс. Осы мақсатта
электрлік қондырғының нөлдік жұмыс сымын пайдалануға тыйым салынады.
5 . 2 к е с т е
Достарыңызбен бөлісу: