Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет77/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

6.4.
 
Тарату құрылғыларын монтаждау 
Тарату қалқаншалары сақтандырғыштарды қарау және ауыстыру үшін 
қолжетімді жерде орналасуы тиіс: тұрмыстық бөлмелерде 1,5. 1,4 м 
бикітікте, арнайы қуыстарда. Қалқаншаның оқшауланбаған тоқ өткізгіш 
бөлшектерінен жанбайтын қабырғаларға дейін (кірпіш, бетон) ара 
қашықтық кемінде 15 мм, ал ағаш – кемінде 50 мм болуы тиіс. үлкен 
көлемді қалқаншаларды орналастырғанда (600 х 500 мм және одан үлкен) 
қалқаншадан қабырғаға дейінгі ара қашықтық кемінде 240.250 мм болуы 
тиіс. Қалқаншаның ашық кернеудегі бөлшектері мен оның металдық тоқ 
өткізбейтін бөлшектері арасындағы қашықтық ауа бойынша кемінде 12 
мм және оқшаулағыш үсті бойынша 20 мм болуы тиіс. 
Таратушы қалқаншаларды, әдетте, жабылатын болат немесе әйнек 
есіктері бар болат жәшіктерге салады. Бұл жәшіктердің резервтік кіріс 
саңылаулары бітеуіштермен жабылуы тиіс.
Қалқаншаларды терезе және есік үстіндегі ойықтарға орнатуға тыйым 
салынады. Қалқаншалардың қасбеттік және бүйірлік панельдерінде 
сымдарды өткізуге арналған тесіктерге оқшаулағыш төлкелер салынады.
Қалқаншалардың панельдеріне әр шығатын желінің нөмірі мен 
тағайындалуын көрсететін жазба болады, мысалы; «Алтышны цехтың 
апаттық жарықтандыруы», «Зауыт басқармасының 2-ші қабатының 
жарықтандыруы», «Баспалдақты алаң жарықтандыруы» және б. 
Қалқаншаны орнатып, бекіткен соң, оның сақтандырғышының 
байланыстарына топтық желілердің сымдарын жалғайды. 
Сақтандырғыш – бұл жоғары немесе төменгі кернеулі қондырғыларда 
шамадан артық жүктелім немесе қысқа тұйықталу кезінде электрлік 
тізбектің автоматты сөндірілуін жүзеге асыратын электрлік аппарат. 
Сақтандырғыш балқығыш металл элементтен (жіңішке сым немесе 
пластина түріндегі қондырма) және байланыс құрылғысы бар корпустан 


179 
тұрады. балқығыш қондырма тоқтың ұзақ өтуіне жол береді, бірақ 
шамадан тыс жүктеме немесе қысқа тұйықталу кезінде металдың балқу 
температурасына дейін жетеді және балқыған соң электрлік тізбекті үзеді. 
Сақтандырғыш іске қосылған соң, онда балқығыш қондырма 
ауыстырылады және ол электрлік тізбекке қолмен қосылады. 
Балқығыш қондырмалар қорғасын мен қалайының қорытпасынан, 
мыстан және басқа металдардан (қалайының тотығуын жою мақсатындағы 
мыс қондырмалар) жасалады. Олар кіші кедергіге ие және кіші көлденең 
қимамен орындалады. Сақтандырғыштардың көбісі корпустың ішіндегі 
доға сөндіргіш құралдар (фибра, кварцтық құм). Ұзақ жұмысқа арналған 
балқығыш қондырма тоғын балқығыш қондырманың номиналды тоғы
1
п
р деп атайды, ал сақтандырғыштың номиналды тоғы сақтандырғыштың
тоқ өткізгіштік, байланыстық және доға сөндіргіш бөліктеріне арналған. 
Құрылымдық орындалуы бойынша сақтандырғыштар құбырлы және 
тығынды болып бөлінеді. Жарықтандыру қондырғыларын қорғау үшін газ 
өндіретін материал – фибрадан жасалған, корпустары жабық тығынды 
сақтандырғыштар қолданылады, ол температура көтерілгенде ыдырап, газ 
бөледі, осылайша доғаның сөнуіне ықпал етіп, түтікшеде үлкен қысым 
түзеді. Түтікшелі сақтандырғыш 15 тен 1000 А дейін номиналды тоққа 
арналған және фибралы түтікшенің ішіне салынған балқығыш 
қондырмадан тұрады. Түтікше бұрандалы ұштық жез сақиналармен 
арқауланған, оларға байланыстарды тұйықтайтын жез қақпақтар оралған. 
Кейбір жағдайда, мысалы қабырғалар мен қалқаншалардың 
арасындағы ара қашықтық өте кішкентай болғанда, бұл реттілік өзгеруі 
мүмкін, яғни алдымен сымдарды сақтандырғыштарға қосуға болады, 
содан кейін орнына орнатып, қалқаншаны бекітуге болады. 
Жеткізуші желілердің және тұтынушыларға кететін сымдар
қалқаншаның артында сақтандырғыштың байланыстық өткізгіштерге 
қосылады 
(фазалық 
сымдар 
– 
сақтандырғыштардың 
орталық 
байланыстарына). 
380/220 В кернеу желілерінде электр энергияны үлестіру және есепке 
алу үшін 1 қабат шеңберінде ЭЕҚ түріндегі қабаттық қалқаншалар 
қолданылады. Олардан шығатын жарық желісі сымдарының жеке 
топтарын қосу және сөндіру қалқаншаның жеке секциясында орналасқан, 
пакеттік ажыратқыштармен жүргізіледі. 
Пакеттік ажыратқыштар кіші қуаттылықтың электрқозғалтқыштарын 
іске қосқыштар және әртүрлі автоматты сызбаларда жүктемені қосу үшін 
тұрақты және ауыспалы тоқтың (100 А дейін номиналды мәндерде) 
тізбектерінде ауыстырып-қосу үшін қызмет етеді. Отандық өнеркәсіппен 
шығарылатын пакеттік ажыратқыштар қозғалмалы байланыстарға және 
оқшаулағыш дисктерінің арасында тұратын қозғалмайтын байланыстардан 
тұрады. басу серіппелі қозғалмалы байланыстардың көмегімен жүзеге 
асырылады. Байланыстарды біріктіру және ажырату кезінде туындайтын 
доға, қақпағы жабық камерада сөнеді. Бұрамалы серіппе т.ріндегі мезеттік 
ауыстырып-қосу механизмі байланыстардың ажырауының үлкен 
жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Пакеттік ажыратқыштар тұрақты тоқтың 250 В кернеуіне және 


180 
ауыспалы тоқтың 10, 25, 60 және 100 А шығарылады және минутына 60-
тан аспайтын ауыстыру жылдамдығы кезінде жүктемесіз 10000...20000 
ауыстыруға арналған. 
Қабаттық қалқаншаларда есептеуіштердің көрсеткіштерін бақылау, 
есік жабық күйінде болып, олардағы арнайы терезелер арқылы
жүргізіледі. Қалқаншалар зауытта жиналады және монтаждау орнына 
жәшікке салынған күйінде әкелінеді. Жәшіктерді ішіндегі қалқаншаның 
аспаптарын бүлдіріп алмай, абайлап ашу қажет. ЭЕҚ типті қалқанша 
көлем 900 х 450 мм және тереңдігі 200 мм текшеге орнатылады. Оның 
ішінде бар арнайы У730 қысқыштар мыс, алюминий сымдарды 35 мм

дейінгі қималы сымдарды қосуға мүмкіндік береді. 
Зауыттан толық жинаулы түрінде келген үлестіру шкафтары мен 
қалқаншаларын монтаждауды оларды фундаменттік жақтауға орнатудан 
басталады, құрылысы жұмыстары үдерісінде арнайы дайындалған үдеріс. 
Шкафтар мен қалқаншалар қатаң түрде тік орнатылып, жақтауға 
қабырғаға немесе жобаға және әзірлеуші зауыттың нұсқауларына сәйкес 
өзге құрастырылымдарға нық бекітілуі тиіс. Амперметрлермен, 
вольтметрлермен және басқа аспаптармен жабдықталған үлестіру 
шкафтары мен қалқаншаларын монтаждау кезінде, орнату кезінде міндетті 
түрде болатын сілкіністерден бүлінуін болдырмау үшін бұл 
ақұрылғыларды шешу ұсынылады. Монтаждау аяқталған соң, шешіп 
алынған құрылғылар орнына орнатылып, үлестіру құрылғыларының 
барлық элементтерінің жұмысы мен күйі тексеріледі.
Ажыратқыштардың байланыстық пышақтары еріншелерге соққысыз 
және байланыстарда қалыпты қысымды қамтамасыз ететін күшпен кіруі 
тиіс. жуандығы 0,05 мм және ені 10 мм қуыс құлақ ажыратқыштың пішағы 
мен еріншесіарасындағы кеңістікке 6 мм аспайтын тереңдікке кірсе, 
байланыс қалыпты деп есептеледі. 
Сақтандырғыштардың 
еріншелері 
паторндардың 
байланыс 
бөлшектеріне тығыз жанасуы тиіс. Патрондар өздерінің салмағының 
немесе 
өтпелі 
қысқа 
тұйықталулар 
кезінде 
туындайтын 
электродинамикалық күштердің әрекетінен құлау мүмкіндігін алу үшін 
еріншелерде нық ұсталып тұруы тиіс. 
Ажыратқыш жетектерінің күйін бекіткіштер анық және істен шығусыз 
жұмыс істеуі тиіс. 
Бақылау және өлшеу құралдарының бастапқы және соңғы нүктелері 
өздері орналасқан панельдің көлденең жиектерімен қатарлас бір тік 
сызықтыа орналасуы тиіс. 
Жерге тұйықтау контурынан қалқаншаға баратын жерге тұйықтау 
шинасы таратушы құрылғының қаңқасына және іргесіне (дәнекерлеумен 
немесе бұрандалармен) берік бекітілуі тиіс. 
1000 В мегомметрмен тексерілген, таратушы құрылғының жерге 
тұйықталған қаңқаға қатысты тоқ өткізгіш бөліктерінің кедергісі 0,5 МОм 
төмен болмауы тиіс. 
Таратушы құрылғының барлық элементеріне жүргізілген тексерудің оң 


181 
нәтижелері кезінде, оған жеткізуші және бөліну сымдары мен кабельдер 
қосалады, соден кейін жергілікті қызып кетуді анықтау үшін бөліну 
желілерінің 
жүктемесімен 
тексеру 
жүргізіледі. 
Қарау 
кезінде 
қолданыстағы еңбекті қорғау бойынша ережелерді сақтау қажет. 
Жергілікті қызып кетулерді анықтау үшін байланыстар мен қосылыстарда
сәйкес балқу температурасына арналған термошамдар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет