177
(мектептерде және балалар мекемелерінде 1,8 м биіктігінде) және әдетте
есіктер жанында олардың ашылуының бағытын ескерумен орнатылады.
Ашық типті ажыратқыштар және ашалы розеткалар олардың негізіне
бекітілген, диаметрі 55... 60 мм болатын және қалыңдығы кем дегенде 10
мм
болатын
ағаш
розеткаларға
орнатылады.Жасырын
типті
ажыратқыштар және ашалы розеткалар қабырғаларға кіріктірілген
қораптарда немесе цилиндрлік пішінді ұяшықтарға кергіш табандар
көмегімен бекітіледі. Тұрғын үйлердің қабырға панельдеріне және аралық
қабырғаларына ажыратқыштарды және ашалы розеткаларды орнату үшін
полипропиленнен арнайы төсеме стақандар жасайды.
Жарылыстан қорғалған орындалудағы ажыратқыштар және ашалы
розеткалар қапсырмаларда тығыздамалық
нығыздағыштар арқылы
төменде сымдарды енгізу арқылы орнатылады.
Электрлік қоңыраулар екі типті болып шығарылады:
3 — 36 В кернеуіне есептелген тәуелсіз (шарғының магнит өткізгішіне
кіріктірілген) көмекші ораманы қосу арқылы басқарылатын;
3П — ораманы тікелей желіге қосу арқылы басқарылатын.
Қоңырауды электрлік желіге және батырмаға жалғау үшін оның
корпусында ұзындығы кем дегенде 150 мм болатын сымдарды шығаруға
арналған саңылау немесе оларды жалғауға арналған қысқыштар бар.
Сымдарды саңылау арқылы шығару кезінде қоңыраудың металл
корпусында оқшаулағыш төлкелер қолданылады. Қоңырау негізге
бұрамамен немесе бұраншеге-дюбельмен оның корпусындағы саңылау
арқылы бекітіледі. 12, 24 және 36 В кернеуіне есептелген З және ЗП типті
қоңыраулар жинағына 36 В дейінгі кернеуге есептелген батырма кіреді,
ал 127 және 220 В кернеуіне есептелген ЗП типті қоңыраулар жинағына
—250 В кернеуіне есептелген арнайы батырма.
Электрлік ұшқынсыз
қоңырауларға (тоқ айырғышысыз) арналған МЕСТ оларда «Тек 250 В
есептелген батырмамен қолдану керек» жазуының болуын талап етеді.
Батырмалар да екі типті болып шығарылады: пластмассалық дөңгелек
немесе тік бұрышты, 36 В кернеуіне және пластмассалық дөңгелек,
электрлік қауіпсіздігі жоғары, 250 В дейінгі кернеуге, қалыпты
жағдайлары бар орынжайда орнату үшін арналған.
ЗП-200 тура қосылатын электрлік
тұрмыстық қоңырауларын
пайдаланған кезде батырмаларды жалғауға арналған сым желісінің
орындалуы қоректендіргіш желінің толық кернеуіне (220 В) есептелген
сыммен жүзеге асырылу керек.
220 В
есептелген батырмаларды, және 220/36 В есептелген З типті
қоңырауларды орнатқан кезде, бос жүріс шығындарының алдын алу үшін
батырманы 220 В біріншілік орама тізбегіне қосу керек, ал 36 В екіншілік
ораманы тұйықтау керек. 36 В есептелген батырмалар тек 36 В
қоңыраудың екіншілік орамасының тізбегіне қосылу керек.
Электр энергиясының шығынын есепке алуға арналған есептеуіштер
қызмет көрсету үшін қол жетімді құрғақ
жылытылатын орынжайларда
орнатылады.
178
Жеке тұтынушылардың электрлік есептеуіштері әдетте орынжай
ішінде электр энергиясы кіргізілетін жерлерде орналастырылады. Пәтерлік
есептеуіштер баспалдақ торларында қабаттық қалқандарда және
шкафтарда немесе тікелей пәтерлерде пәтерлік қалқандарда орнатылады.
Есептеуіштер жабылатын шкафтар ішінде 1,4... 1,7 м биіктігінде
орналастырылады, оларда есіктерді ашусыз көрсеткіштер алуға арналған
терезелер қарастырылады.
Коммуналдық шаруашылық қондырғыларында есептеуіштер кірістік-
тарату құрылғыларында орналастырылады.
Оларға арналған элетрлік
сымдар желісі құрылыстық құрылымдар арналарында сылақ астында
жасырын немесе құбырларда ашық орындалады. Есептеуіштерді жалғау
үшін ұзындығы 250 мм болатын сымдардың еркін ұштарын қалдырады.
Жерге тұйықталуы тиіс ажыратқыштардың, ауыстырып қосқыштардың
және ашалы розеткалардың металл корпустары жерге тұйықтағыш
бұрамалар арқылы жеке сымдармен электрлік сымдар желісінің нөлдік
сымына (балқымалаумен немесе дәнекерлеумен) жалғанады.
Достарыңызбен бөлісу: