225
төбелерде, бұрыштарды және трасса ұшында да (кірістерде)
- екі табаны
бар қапсырмамен орындалады. Қапсырмалар тік сызықты трасса
учаскелеріне де, жекелеген кабельдер немесе түйіндер, сымдардың остік
сызығына перпендикуляр бұрылыстарында да орнатылады.
Қорғалған кабельдер мен сымдардың өзара және басқа да сымдармен
қиылысуы сылаған ашық бороздаларда және олардың біреуіне киілетін
оқшаулау тұрбаларда орындалады. Қабат аралық жабындар арқылы өткен
кезінде кабельді еден деңгейінен 1.5 метр биіктікке дейін механикалық
зақымданудан қорғау көзделуге тиіс; электр
техникалық ғимараттарда
мұндай қорғау міндетті емес, өйткені оларда бөгде адамдарға кіруге
рұқсат жоқ.
Трассаны дайындаумен бір мезгілде сымдар мен кабельдері төсеу
үшін объектілерде шеберханаларда мыналар дайындалады: сымдар
жазылады, қималарға бөлінеді, олардың ұштарынан оқшаулау алынады,
сымдар ұштарын
жалғау қораптарына енгізу, жалғау, сыдар желісін түю
және жалғау орындарын оқшаулау, сонымен қатар сызбаларды тексеру
және нөлдік желіні белгілеу.
Жарықтандыру құрылғысына енгізбес бұрын кабельдің ұштарын
қияды, осылайша оларды жалғау үшін, қораптар ішіндегі тарамдар
дайындайды, және электр қабылдағыштарына жалғайды..
Жасалған сымдары мен кабельдерді дайындалған трассалары бойынша
тартады.
Қиығы аз брондалмаған кабельдерден және құбырлы сымдардан
тұратын электр сымдарын құрылыс негіздеріне бекіту келесі әдістермен
орындалады (8.3. сур.):
тікелей
негізге металл тұтқалармен; қозғалмалы болат жолақтарында
нүктелік дәнекерлеуі немесе батырмалары бар ленталары бар металл
жолақтарымен;
ішекте бандаж металл жолақтарымен немесе батырмалары бар
поливинилхлорид лентасымен;
негізге жапсырылған арнайы ұстағыштарға бандаж жолақшалармен;
пластмасса қапсырмасымен.
Полиэтилен тіреуі жаңа тіреу бұйымы болып табылады, ол бандаж
таспаларын немесе тісті-тоғалар жолақтарын төсеу үшін екі
құлақшындары бар негіздерден тұрады. Тіреу
негіздерге кергіш жақтай
көмегімен қағылған дюбелдермен немесе дюбелдер шегелерінің көмегімен
бекітіледі (8.4 сур.).
Негізге бекітілу үшін арналған металл қапсырмалар бір немесе екі
табандармен қаттылық қабырғасымен штамптау арқылы жасалады.
Негізге бұрандама (бұранда) қапсырмаларымен кергіш дюбельдер арқылы
бекіту кезінде бекіткен кезде екі табанмен бұрандаманың біреуіне іледі,
ал көлденең трассаларда – төменгі бұрандамаларға іледі. Қапсырмалар
сонымен қатар дрюбель-шегелермен қолмен қауға арқылы орындалады.
Кабельдерді төсеу үшін пластмасса (оның ішінде полиэтилен немесе
капронды) серіппелі қапсырмасын пайдалану кезінде алдын ала негізге
дюбелмен бекітілген қапсырманы итеріп төсейді.