220
және қимасы шамалы (16 дейін мм2) брондалмаған кабельдермен
орындалады.
Электр сымдарын изоляторларда төсеу.
Ашық сымдарды
орындаудың қарапайым әдісі оқшаулау тіреуіштеріне - роликтерге,
клиптерге және изоляторларға сымдарды төсеу болып табылады.
Қазіргі уақытта роликтерге арналған электр сымдары қолданылмайды
(тек ауылдық аудандарда), ал изоляторлар өнеркәсіптік кәсіпорындар
цехтарындағы жалпы жарықтандыру желілері үшін немесе көпірлі
крандары бар цехтар ғимараттарында ашық магистральдар үшін
сымдармен бір биіктікке бекітілген майшамдардағы шамдарды ауыстыру
және жөндеу ыңғайлығын қамтамасыз ете отырып пайдаланылады.
Ашық электр сымдары үшін аса жиірек мыналар қолданылады: АПР,
АПРВ, АПН, АППР маркалы; АПРФ маркалы резеңкелі оқшалауы бар
металла қабықшасымен қорғалған сымдар; АВРГ, АНРГ, АСРГ маркалы
резеңкелі оқшалауы бар және АВВГ, АПВГ пластмаса оқшалауы бар
брондалмаған кабельдер.
Қондырғы сымдары (3 қосымша) электр энергиясын күш және
жарықтандыру желілеріне оларды ғимарат ішіне және сыртына
қозғалмайтын төсемдері төсеу кезінде беру үшін қолданылады және мыс
және аллюминий бір сымды және көп сымды (икемді) тоқ өткізгіш
желілерімен болады.
Қондырғы сымдары резеңкеден немесе серпінді пластмассадан
жасалған (полиэтилен, поливинилхлорид пласкаты) оқшаулауы болады,
кей жағдайларда олардың негізгі резеңке оқшаулауы шіруге қарсы
құрамымен дымқылдандырылған мақта қағаз жібінен жасалған ораммен
негізделеді.
Оқшаулау түрі мен қалыңдығын сымдардың 380 және 660 айнымалы
тоқ есеп кернеуімен айқындайды.
Сымдардың жұмыс температурасы аралықтары: резеңке оқшаулағышы
бар - 40 бастап + 65 ° С дейін; бутилкаучук негізінде резеңке
оқшаулағышы бар от – 40 бастап +85 дейін ° С; резеңке және пластмасса
оқшаулағышы бар -50 бастап 70 ° С дейін, кремний органикалық
резеңкеден жасалған оқшаулаумен -60 бастап +180 дейін (сым РКГМ
маркалы және т.б.).
Қондырғы сымдарының резеңке оқшаулау қалыңдығы 380 кернеуінде
0,6....0,8 мм, 660 В –кернеуінде 1,2....1,8 мм құрайды, поливинилхлорид
пластикатынан және полиэтиленнен жасалған сымдардың оқшаулау
қалыңдығы 380 кернеуінде 0,6....1,6 мм, 660 В –кернеуінде 0,8....1,8 мм
құрайды және екі жағдайда тоқ өткізгіш желінің қимасына байланысты
болады.
Достарыңызбен бөлісу: