Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет48/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар ҚР

3.3.3. Медициналық қызмет көрсету
Қаржыландыру құрылымындағы өзгерістер 
мүгедектігі бар балаларға медициналық 
қызмет көрсету тәсіліне әсер етуі мүмкін. 
Оңалту орталығының директоры мүгедектігі 
бар балаларға қызмет көрсетудің мемлекеттік 
стандарттарын енгізу балаларға күтім жасау 
тәсілдерін қалай өзгерткені туралы әңгімелеп 
берді: 
«...көмек медициналық-әлеуметтік мекеме-
ге және ішінара үкіметтік емес ұйымдардың 
қызметтерін сатып алуға бағытталды, яғни 
бұл қаражат отбасыларға бөлінген жоқ, бірақ 
ол отбасыларға белгілі бір қолдау жасалды... 
Мемлекеттік мекемелерге өтініш білдірген 
ата-аналарға ақысыз негізде қызмет жа-
салды. Заңда ақылы және ақысыз негізде 
қызмет көрсету қарастырылған. Біз, мысалы, 
әлеуметтік ұйым ретінде мүшелік жарна ала-
мыз.... Бірақ, екінші жағынан, біздің қалай 
күн көруіміз қажет? Біздің қызметтерімізге 
ішінара ата-аналар ақы төлейді. Бүгінгі күні 
балаға стационар жағдайында күтім жасау 
құнының 55% құрайды. Қалған бөлігін жабу 
жолдарын біз өзіміз қарастыруға тиіспіз... 
Бұл дегеніңіз өте қиын шаруа! Мен үкіметтік 
емес сектордың күн көруі және қызмет 
көрсетуі өте қиын екенін ашық айтқым 
келеді». (Директор; ИН4) 
Респондент бұдан әрі үкіметтің орталық 
қызметтерін «сатып алатынын», бірақ орнына 
100% ақша балалардың күтімі бойынша тікелей 
қызметтерге жұмсалуы тиіс екенін мәлімдеді. 
Гранттық ақша қаражатын, мысалы, ғимараттың 
техникалық қызмет көрсетулеріне жұмсауға 
болмайды, мұның өзі мұндай орталық үшін 
қымбат немесе арзан қызметтерді көрсетуде 
қиындықтар туғызады. Мүгедектігі бар бала-
лар осындай қаржыландыру қүұрылымының 
салдарларын сезінуі мүмкін. Респондент күтім 
дәрежесінде қандай да бір кемшіліктерді атап 
көрсетпегенімен, күтімді қамтамасыз ету 
шектеулі қаржыландыру шеңберіндегі қызмет 
көрсету мүмкіндігіне тәуелді екенін болжауға 
болады.
Осыған қарамастан, медициналық қызметтерді 
дұрыс ұсыну мүгедектікті емдеуден басталмай-
ды, ол жүкті анадан және босанғанға дейінгі 
дұрыс күтімнен басталады. Ана мен баланың 
денсаулығын қорғаудың маңызды құрамдас 
бөлігі аналарды жалпы салауатты өмір салтын 
ұстануға насихаттау болып табылады. Емхананың 
штаттағы қызметкері былай деп түсіндірді: 
«Кейбір алкоголь ішімдіктердің жарнама-
сын жарияламаған дұрыс болар еді, одан 
гөрі салауатты өмірді насихаттайтын жар-
нама жіберудің пайдасы зор... Адамдарға 
жүктіліктің кейбір ерекшеліктері болатынын 
әңгімелеу керек. Әйел оған дайындалуы 
қажет. Біздің түсіндіретініміз – оның бір бөлігі 
ғана... Оларға дайын болу қажет, олар жоқ 
дегенде акушер-гинекологқа, сосын – те-
рапевтке және отбасылық дәрігерге қаралу 
керектігін білуі тиіс». (Қызметкер; ИН13)
Бірнеше респондент ананың бірінші міндеті, 
көбінесе олар салғырт қарайтын дені сау 
жүктілікті қамтамасыз ету екенін атап көрсетті: 
«...Аналар өз денсаулықтарына дұрыс 
көңіл бөлмейді... бұл жүктілікке дайындалу 
үшін қажет. Біз, мысалы, аналарға не істеу 
керектігін бұйыра алмаймыз, яғни, оларды 
күштеп ұсыныстарды орындатуға құқығымыз 
жоқ».(Қызметкер; ИН10).
Болашақ ананың міндеті өзінің жеке 
денсаулығына күтім жасау ғана емес, сонымен 
бірге ультрадыбыстық зерттеу мен генетикалық 
71


тесті қамтитын босанғанға дейінгі тексеруден 
өту үшін тіркелу. Осы скринингтік тексерулер 
әлеуетті мүгедектікті ерте бастан анықтау және 
әлеуетті емдеу тәсілдерін зерттеу үшін қажет. 
Бір дәрігер бұл жөнінде былай деді: 
«Біз бұрын тексеру жүргізетінбіз, уақытты 
өткізіп алғанда [ерте кезде анықтау 
уақыты], ауытқулары бар балалардың туы-
луына әкеп соғатын... Біз талдау алуды және 
жүктіліктің ерте мерзімінде зерттеу жүргізуді 
ұсынамыз... 2011 жылдың соңында бізде бір 
өлім оқиғасы болды, яғни Даун синдромы бар 
баланың өлімі. Бұл жоспарланған жүктілік бо-
латын, бірақ баланың анасы өте кеш тіркеуге 
тұрған және скринингтен өтпеген. Қалыпты 
УЗИ бұл кемшілікті анықтай алмаған, бірақ 
ол ана уақытының болмауына байланысты 
жасамаған генетикалық скрининг дәл диа-
гноз қояр еді...». (Дәрігер; ИН14)
Халықтың медициналық скрининг режимі 
мұқият және арнайы әзірленген рәсім бо-
лып табылатынын бірнеше дәрігер түсіндіріп 
берді: дұрысында жүктіліктің 12 аптасынан 
кешіктірмей істелуі тиіс тіркеуден кейін жүкті 
әйел бес тексеруден өтуі тиіс. Екі генетикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет