Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет51/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар ҚР

3.4. Әлеуметтік өмірге 
қатысу, кемсітушілікке 
жол бермеу және 
отбасындағы тәрбие
Білім беру және денсаулық сақтау сияқты 
баланың әлеуметтік интеграциясы 
аспектілерінен басқа, мүгедектігі бар балалар 
әділетсіз жағдайда қалуы мүмкін әлеуметтік 
өмірге қатысу және әлеуметтік қатынастарды 
қолдану қабілеті бала өмірінің тағы да бір 
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 
Мүгедектер құқығы туралы конвенцияда осы 
құқықтар қамтамасыз етілгенімен де (19, 29 
және 30-баптарда), мүгедектігі бар балалардың 
қоғам өміріне етене араласуы аса маңызды 
шарт. Сұхбаттарда көптеген респондент-
тер мен қатысушылар мүгедектікті қабылдау 
әсерін және осы әсерлердің мүгедектігі бар 
балалардың әлеуметтік интеграциясына қалай 
кедергі келтіретінін немесе көмектесетінін 
талқылады. 
Бұрын айтылғандай, инклюзивтік мектептердегі 
көптеген балалар мүгедектігі бар балалар 
өздерін басқа балалармен тең және қалыпты 
деп санауына, сыныптастарынан көп ерекшелігі 
жоқ екеніне сенуіне қол жеткізу қажет деп са-
найды. Жекелеген балаларда «қалыптылық» 
сезімін нығайтуға болатын болса, кейбір ре-
спонденттер мүгедектіктің күрес жүргізуді қажет 
ететін бұрынғыдай белгілі бір әлеуметтік стигма 
болып саналатынын мойындады. Мүгедектік 
салдарынан стигматизацияға қандай да бір 
жағдайда ұшырастыңыз ба деген сұраққа екі 
респондент былай деп жауап қайтарды:
«Менің кейбір құрбыларым баланы балалар 
үйіне өткізуіме кеңес бергені есімде,бірақ 
мен олай істей алмадым – себебі ол менің 
балам ғой». (4-ата-ана; ФГ5) 
«Иә, біз мұндай оқиғаға ұшырастық. Бізге 
баламызды балалар үйіне тапсыруға кеңес 
берілді. Бірақ мен өзімнің туған баламды 
қалай тастай аламын, балалар үйне қалай 
74


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
өткіземін? Мен оны балалар үйі тұрмақ, 
өз достарымның қасына бір-екі сағатқа 
қалдырмас едім!» (3-ата-ана; ФГ5)
Ата-аналарға өздерінің мүгедектігі бар балала-
рын өз қалауларынан тыс бас тартуға достары 
мен таныстары берген кеңестерге қарамастан, 
көптеген респонденттер жақын туыстарының 
өздеріне қолдау білдіргендерін хабарлады. Егер 
отбасыларға бала күтімі туралы жан-жақты 
нұсқаулар берілсе және оларға психологиялық 
қолдаулар қол жетімді болса, ол отбасылар 
балаға көбірек қамқорлық жасай алар еді де-
ген пікір бар. Дене ауытқулары бар сәбилері 
бар отбасылардан қандай көмек көрсетілетіні 
туралы сұрақ қойғанымызда, бір дәрігер былай 
деп атап көрсетті:
«Әкесі туралы айтар болсақ, ол психолог 
жұмыс істейтін жеке тақырып... Біз қай отба-
сында не болып жатқанын білмейміз, бірақ 
әлеуметтік қызметкерлер қажеттіліктерді 
анықтауға және көмек беруге тырысады».
(Дәрігер; IN10).
Респондент бүрынғы сұхбатта атап көрсетті. 
Балалар мүгедектігінің профилактикасы 
және оны емдеу ісі дұрыс тамақтану және өз 
денсаулығына күтіммен қарау арқылы жүктілікке 
дайындалуы тиіс анадан басталады. Отбасының 
басқа мүшелерін тарту болашақ анаға жүктілікке 
дайындалуға көмектеседі, себебі мүгедек бала 
туылғаннан кейін отбасы мүшелеріне арналған 
консультативтік қызметтер мен психологиялық 
қолдау, отбасына қоғамның бір бөлігі 
ретінде қолдау көрсету бойынша отбасының 
мүмкіндіктерін арттыра алады.
Көпшілік респонденттер әлеуметтік 
қызметкерлер желісінің қолдау көрсеткенін 
айтады, ал кейбіреулері өз балаларының 
қалыпты әрі толыққанды өмір сүру мүмкіндігін 
қабылдамайтын ресми мемлекеттік 
органдардың қатал қарым-қатынасына 
ұшырасқанын айтады. Бір ана былай деді: 
«Директор [психологиялық-медициналық-
педагогикалық комиссия] мен үшін екі вари-
ант бар екенін айтты: не балаңмен өскенше, 
сосын өлгенше үйде отырасың немесе оны... 
жергілікті интернатқа тапсырасың деді. Онда 
оған тәулік бойы күтім жасалады. Дәл қазіргі 
сәтте менің көңілімді осындай комиссия, осын-
дай директордың бар екендігі алаңдатады... Сіз 
барсаңыз, олар былай дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет