Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет60/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар ҚР

3.6.3. Қызметтермен қамту 
Мүгедектігі бар балалардың құқықтарының 
қаншалықты жақсы қорғалғанын 
қарастыру кезінде, ұлғайтылып отыруы тиіс 
қызметтермен қамту маңызды аспект болып 
табылады. Үкіметтің және азаматтық қоғамның 
өкілдерімен жан-жақты жүргізілген сұхбат 
Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар 
балалардың қажеттіліктерімен қандай да бір 
шамада айналысатын ұйымдарына назар ау-
дартты. 5-кестеде мүгедектігі бар балаларға 
байланысты мәселелерді шешетін ұйымдардың 
қысқаша шолуы берілген. Осы тізім әрине 
толық емес, бірақ құзыреттері мүгедектігі бар 
балаларға қатысы бар қызмет саласы әртүрлі 
ұйымдар туралы түсінік береді.
Бұл ұйымдар оқшауланып жұмыс істемейді; 
әртүрлі мемлекеттік ұйымдар арасында 
әртүрлі деңгейдегі тығыз қарым-қатынас бар. 
Медициналық-әлеуметтік сарапшылық комис-
сия өкілі түсіндіргендей, оның ұйымы әлеуметтік 
қорғауды қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде 
басқа ұйымдармен әрекеттеседі. Медициналық-
5-кесте. Мүгедектігі бар балалардың мәселелерін шешуге құзыретті ұйымдар 
Ұйым
Мүгедектігі бар балаларға қатысы бар қызметтер 
Еңбек және 
халықты 
әлеуметтік қорғау 
министрлігі 
Мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясатын әзірлеу. 
Мүгедектігі бар тұлғалар үшін мемлекеттік бағдарламалар әзірлеу (мүгедектік 
тобын анықтау, оңалту, еңбекпен қамту және т.б. қоса алғанда және т.б.) және 
осындай мемлекеттік бағдарламалар үшін тиісті қаржыландыруды өндіру. 
Құрылыс және 
тұрғын үй-
коммуналдық 
шаруашылық 
істері агенттігі 
Мүгедектігі бар және қозғалыс қабілеті шектеулі тұлғалар үшін әртүрлі 
қолайлы жағдайларды ұлғайту үшін құрылыс нормаларын әзірлеу. 
Құрылысқа арналған нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу.
Нормативтік-техникалық құрылыс құжаттарын әзірлеу және бекіту.
Жұмыспен 
қамтуды және 
әлеуметтік 
бағдарламаларды 
басқару 
Ведомстволық медициналық-әлеуметтік мекемелердің іс-қимылдарын 
үйлестіру.
Әлеуметтік үй қызметтерінің ұсынылуын үйлестіру.
Мүгедектігі бар тұлғалар үшін қосымша құралдарды сатып алу. 
Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда, азаматтарға жұмыспен қамтуды 
ұсыну бойынша шараларды әзірлеу. 
Нарықтық сұраныс негізінде еңбекпен қамтуға көмектесу мақсатында оқыту 
шараларын үйлестіру. 
Қолайлылықты ұлғйту үшін жетілдірулер қажеттілігін анықтау мақсатында 
ғимараттарды бағалау және сертификаттау. 
Ғимараттардың қолайлылығын анықтау әдістемесін бағалау. 
85


Білім және ғылым 
министрлігі 
жанындағы 
Ұлттық ғылыми-
практикалық 
педагогикалық 
түзету орталығы 
Медициналық, психологиялық және педагогикалық диагноз қою үшін бала-
лар мен жасөспірімдерді психологиялық, медициналық және педагогикалық 
сараптау. 
Балалардың арнайы қажеттіліктерін анықтау және олардың денсаулық сақтау, 
арнайы білім алу және әлеуметтік қызмет алу құқықтарын белгілеу. 
0-ден 16 жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға медициналық, 
психологиялық, әлеуметтік және білім беру қызметтерін ұйымдастыру және ұсыну.
Психологиялық, медициналық және педагогикалық бейімдеу, сонымен қатар 
балалар мен жасөспірімдерді оңалту формасында жан-жақты психологиялық, 
медициналық және білім беру көмегін ұсыну. 
Мүгедектігі бар және даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған 
мамандандырылған және инклюзивті мекемелер үшін ғылыми, білім беру 
және әдістемелік қамсыздандыруды әзірлеу. 
Жаңа білім беру әдістемелерін әзірлеу, тестілеу және енгізу. 
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды үй жағдайында оқытуға қатысты ата-
аналарына/қамқоршыларына кеңес беру және оқыту. 
Жалпыға бірдей білім беретін және мамандандырылған (түзеу) білім беру 
мекемелерінің мұғалімдеріне көмек көрсету және басқару.
Мүгедектігі бар балаларды диагностикалау, коррекциялау және оқыту 
мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру. 
Арнайы қажеттіліктері бар балаларға қатысты арнайы мекемелер үшін 
ғылыми, әдістемелік және техникалық қолдауды әзірлеу. 
Арнайы қажеттіліктері бар балалар үшін мамандандырылған білім берудің 
ұйымдық, психологиялық, педагогикалық мәселелері бойынша, ақпараттық 
және заңдық мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру. 
көрсетті. Әртүрлі аймақтардағы мемлекеттік 
ұйымдар ҮЕҰ бірлесіп мемлекеттік әлеуметтік 
тапсырыстар арқылы осындай қызметтермен ай-
налысады. Респонденттердің бірі өз ұйымының 
қазіргі уақытта ҮЕҰ-мен бірлесіп үш жобаны 
жүзеге асырып жатқанын айтты: бірі - күндізгі 
стационардағы мамандандырылған әлеуметтік 
қызметтер ұсынуға байланысты, екіншісі – 
балаларға үйде күтім жасауға байланысты және 
үшіншісі – қарт адамдарға және мүгедектігі 
бар адамдарға медициналық және әлеуметтік 
көмек ұсынуға байланысты. Екінші респон-
дент мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға 
ұсынылатын қаржыландыру қызмет көрсетуді 
ұлғайтқанын айтты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет