біріне сай келеді. Демек, «мүгедектікке»
қарсы
«даму мүмкіндіктері шектеулі» мәртебесін
тағайындау негізсіз жүргізілмеуін қамтамасыз
ету керек, себебі мәртебе тағайындау баланың
мемлекеттік көмектің қандай формаларын
алуға құқығы бар екенін білдіреді. Сондай-ақ
екі өзгерісті енгізу мүмкіндігін қарастыруға
болады: даму мүмкіндігі шектеулі балалардың
көпшілігін мүгедектікті анықтауға енгізу не-
месе негізгі медициналық және көмекші білім
беру қызметтерін қамту үшін даму мүмкіндігі
шектеулі балаларға арналған
мемлекеттік
көмек жүйесін ұлғайту.
Мүгедектікті – оның типі мен ауырлық
түрін анықтау және белгілеу – мемлекеттік
қызметтерге қол жеткізу үшін ғана емес,
мүгедектігі бар балалардың өмір бойы даму-
ына жеке тәсілдерді әзірлеуде отбасыларға
және педагогтарға көмек көрсету үшін
де қажет. Медициналық-әлеуметтік
сарапшылық комиссияның респонденті мұның
маңыздылығын былай деп түсіндірді:
«Мүгедектігі бар балалар әртүрлі күтім жа-
салуына мұқтаж. Оларға арнап жеке оңалту
бағдарламасын құру және әзірлеу керек;
жеке оңалту бағдарламасы мүгедектікті
медициналық, әлеуметтік және кәсіби
оңалтуға деген қажеттіліктің нақты ауқымы
мен түрін белгілейді». (Дәрігер; ИН19).
Медициналық-әлеуметтік сарапшылық (МӘС)
комиссияның екінші респонденті былайша
толықтырды:
«Мүгедектікке қосымша, әлеуметтік
қорғау шараларына қажеттілікті
анықтаймыз. Әрбір бала үшін жеке оңалту
бағдарламасы әзірленеді. МӘС педиа-
трия бөлімі психологиялық-медициналық-
педагогикалық кеңеспен тығыз қарым-
қатынас жасайды. Егер бала 14 жасқа
толса, ол алдын ала кәсіптік-техникалық
бейімдеуден өтуі тиіс. Ол қай мамандықты
алады, денсаулығына байланысты қай
мамандық оған қолайлы, қай мамандық үшін
ол жарамсыз?». (Бөлім бастығы; ИН20)
Мүгедектік түрі әртүрлі балалардың
қажеттіліктерін анықтау әлеуметтік
инклюзияның
барлық формаларына арналған
маңызды салдарлары бар қайырымды
мемлекеттік көмек жүйесін әзірлеуге негіз бо-
лып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: