жиілігіəсерлер мөлшері өскен сайын өсетініндəлелдеді.40-ыншы жылдардың соңында
адам ДНҚ-ын зақымдайтын күшті химиялық мутагендер бар екені белгілі болған.
Мутациондық процесс əр түрлі потологияға əкелетінөзгерістердің негізгі көзі.
Бүгінгі таңда мутациялар күшін əлсірететінантимутагендер бар. Бүгінгі таңдағы генетика
жетістіктерін
диагностика, профилактика жəне ұрпақтан-ұрпаққа берілетін паталогиялық
аурулардан арылуда қолданады.
Мутация тудыратын факторларды
мутагендер
дейді. Олардың үш түрі бар:
физикалық, химиялық жəне биологиялық. Физикалық мутагендерге радиоактивті сəулелер,
ультракүлгін сəулелер, лазер сəулелері жəне т.б. жатады.
Химиялық мутагендерге
колхицин, этиленимин, никотин қышқылы жəне т.б. химиялық қосылыстар жатады.
Олардың саны қазір 400-ден асады. Өте жоғары концентрациядағы кейбір гербицидтер
мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Сондықтан гербицидтер
мен пестицидтерді
шамадан тыс мөлшерде пайдаланбау қажет.
Клеткадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен
организмге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарда да (мысалы, сүйекте
жинақталатын стронций, т.б.) мутагендік қасиет болады. Оларды биологиялықмутагендер
дейді.
Кроссинговер
(ағылш. crossіng-over – айқасу) – гомологтық хромосомалардың
ұқсас бөліктері арасындағы ажырау жəне қайта бірігу нəтижесінде болатын айқасу.
Кроссинговер І-ші мейоздың профазасында жүреді жəне əр түрлі гендердің аллельдерінің
жаңа комбинацияларының түзілуіне əкеледі. Мейоз процесінде
гомологты хромосомалар
əр ядроға ажыраудың алдында бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Осы уақытта екі
гомологты хромосомалардың бөліктері үзіліп, олар осы хромосомалардың басқа
бөліктерімен айқасып қайта жалғасады. Кроссинговер тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір
түрі болып саналады, соның нəтижесінде ұрпақтардың генетик. əр түрлілігі артады.
Кроссинговер – популяциядағы комбинативті өзгергіштікті қамтамасыз ететін жəне
табиғи сұрыптауға материал бола алатын маңызды механизм.
Сондай-ақ құрамында бір
немесе бірнеше гендер орналасқан хромосоманың үлкен бөліктерінің қайта
комбинациялануына немесе бір ген ішіндегі комбинацияларға əкелуі мүмкін.
Хромосомада гендер бір-бірінен неғұрлым алшақ орналасса, олардың арасында айқасудың
болу мүмкіндігі соғұрлым көбейеді. Экспериментальды (тəжірибелік) генетикада
кроссинговер хромосомалардың генетик. картасын құру үшін,
яғни қандайда болмасын
геннің басқа генге қарағандағы орнын анықтауда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: