Бақылау сұрактар:
1. Молекулалық биология ғылым ретінде нені зерттейді?
2. Молекулалық биология жетістері қандай?
Əдебиеттер: 1-7 (негізгі),8-16 (қосымша)
Студенттердің өзіндік жұмысы
1 тақырып: Ақуыздар репарациясы (3 сағат).
1 тапсырма.Генетикалық ақпараттың белілу жолдарын менгеру
2 тапсырма.Репарацияны тудыратын факторларды зерттеу
Екінші апта
№ 2 дəріс тақырыбы.
Молекула аралық қарым-қатынас жəне олардың тірі жүйеде
қызмет етудегі рөлі. Сигналдық қарым-қатынастардың жасуша аралық жəне жасуша ішілік
механизмдері.
Жалпы сұрақтары:
Молекулалық биологияда қолданылатынəдістер. Ағзадағы
химиялық сигнал беру. Ақуыз -ақуыздық қарым-қатынас жəне олардыңжасуша үстілік
құрылымдардың жəнеақуыз-мультимерлердің өзіндік жинақталуындағы мəні. Клетка
аралық химиялық сигнал беру жəне оның типтері.
Пайдаланатың құралдар:
проектор, слайдтар
Микроскопия əдісінің
тарихы XVII ғасырдан басталады. 1611 жылы Й.Кеплер
жарық микроскопын жасау принципін ұсынды, ал алғаш рет 1638 жылы А.Левенгук
жарық микроскопы көмегіменбірклеткалы бактерияларды бақылады. Дəл осы шешуші
қабілеті 0,4-0,7 мкм-ге дейін болатын жарық микрокопы М.Шлейден мен Т.Шваннға 1838
жылы жасуша теориясын ашуға мүмкіндік берді. Микроскопияның дамуында
итерфернциялы, фазалы-контрастты, электронды микроскоптардың ашылуы маңызды
кезеңдер болды.
Электронды микроскоп шешуші қабілеті 0,1 нм-ге дейін болады, осының
арқасында вирустардың, клеткаішілік оганеллалардың, ақуыз-нуклеинді комплекстердің
құрылымын зерттеуге мүкіндік береді.
Рентгенқұрылымдық талдау əдісі–
рентген сəулелерінің дифракциясына
негізделген; цитоплазма мен ядроның құрамына кіретін ақуыздардың, нуклеин
қышқылдарының жəне басқа заттар молекулаларының құрылысын зерттеу үшін
қолданылады. Бұл тəсіл молекулалардың құрамындағы атомдардың кеңістіктегі
орналасуын анықтауға, олардың ара қашықтықтарын өлшеуге мүмкіндік береді.
Билоогиялық маңызды молекулаларды, əсіресе ақуыз немесе нуклеин қышқылдарының
молекулаларына құрылымдық талдау жасау көптеген қиындықтармен жүреді, себебі
олардың құрамындағы атомдардың саны өте көп. Аталған молекулалардың сырт пішінін
анықтаудың биологиялық функцияларды білу үшін маңызы өте зор.
Рентгенқұрылымдық талдау əдісінде зерттелетін объектіге (гемоглобиннің, ДНҚ-ң
кристалдары) рентген сəулелері бағытталып, пайда болған дифракциялық бейнесі
фотоппленкаға тіркеледі. Бұл əдістің көмегімен ақуыз, ДНҚ, РНҚ молекулаларының
құрылымы жөнінде мəліметтер алынды.
Достарыңызбен бөлісу: