Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет17/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
Байланысты:
38. Силл - Молекулалык биология

Төртінші реттік құрылым 
– кейбір белоктарда бірнеше полипептидтік 
тізбектердің бір-бірімен күрделі кешенді комплекстерге бірігуі. Мысалы, гемоглобин 
құрамына 141 аминқышқылының қалдығы кіретін төрт полипетидтік тізбектен жəне 
құрамында темір атомы бар белокты емес бөлшек гемнен комплекс түзеді. Гемоглобин тек 
осы құрылымда ғана оттекті тасымалдай алады. Химиялық байланыстардың барлық типі 
қатысады. 
Белоктардың қызметтері:
1)Құрылымдық (пластикалық) – (коллаген, фибрион);
2) катализаторлық 
– 
клеткалық катализаторлар;
3) реттеуші – 
гормондар;
4)жиырылғыштық – (миозин);
5) транспорттық – (гемоглобин, миоглобин),
6) Қорғаушы – (иммуноглобулин, интерферон);
7) энергетикалық – 1 г белоктан17,6 кДж энергия 
Домендер
шағын глобулалық құрылымдар, полипептидтік тізбегінің ұзындығы 150 
немес одан да аз амин қышқылдарынан тұрады. Домендер гүлобулалық белоктарды 
құрайтын модульдар болып табылады. Əдетте глобулалық белоктар бірнеше əртүрлі 
домендерден тұрады, олар полипептидтік тізбектердің салыстырмалы ашық учаскелерімен 
байланысқан. Глобулалық белоктар сфера пішіндес, катализ, транспорт немесе реттеу 
сияқты арнаулы процуестерге қатысады. 
Белоктардың денатурациясы: 
Белоктардың екінші жəне үшінші реттік 
құрылымдарына жауапты байланыстар (сутектік, дисульфид көпіршесі, т.б.) əлсіз 


болғандықтан, оңай үзіліп, белоктардың кеңістік құрылымдарының қайтымсыз бұзылуы 
белоктың денатурациясы деп аталады. Денатурацияға ұшыраған белок өзінің биологиялық 
функциясын атқара алмайды (denatuze — табиғи қасиетінен айырылуы). Қыздыру, 
радиация, ортаның өзгеруі, кейбір химиялық əсерлерден, шайқап сілкуден белок 
денатурацияланады. Жұмыртқаны пісіргенде альбумин белогының, сүт ашығанда 
казеиннің үюынан, олардың кеңістік құрылымдары бұзылады. Шашты химиялық 
бұйралаудың, теріні илеудің негізінде де белоктардың денатурадиялануы жатады. 
Қыздырғанда денатурацияланатын немесе айырылып кететін болғандықтан, 
белоктардың нақты балқу температуралары болмайды. Кейбір белоктар, мысалы, тауық 
жұмыртқасының белогы суда ериді, кейбіреулері суда ерімейді. Белоктар ерігенде, басқа 
да ЖМҚ сияқты коллоидты ерітінділер түзеді. Белоктарға спиртті немесе формалинді 
қосқанда, белоктар қайтымсыз үйиды, сондықтан бұл заттарды биологиялық 
препараттарды сақтауға қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет