«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет70/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

(
бұр.ред.қара
); 2020.07.07. № 361-VI ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
) 2-тармақ өзгертілді
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады. 
Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, 
магистранттар, интерндер, резидент-дәрігерлер және докторанттар жатады. 
Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және 
тәрбиеленуші адамдар жатады. 
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің: 
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім 
алуға; 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 2) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
76 
2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім 
беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру 
бағдарламалары бойынша оқуға; 
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға; 
4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, 
білімдерді ақылы негізде алуға; 
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға; 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 6) тармақша өзгертілді
6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан немесе 
жоғары білімнің білім беру бағдарламасынан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік 
білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға; 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
7) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
); 2015.03.12. № 
433-V ҚР 
Заңымен
7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап 
қолданысқа енгiзiлдi) (
бұр.ред.қара
)
7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар 
үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-
әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, 
мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік 
кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге; 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 8) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін 
пайдалануға; 
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту 
саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға; 
10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге; 
11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне; 
12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге 
және сыйақы алуға құқығы бар. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 4-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
4. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының 
күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің: 
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) 
жеңілдікпен жол жүруге; 
2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға; 
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу 
мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар. 
5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда білім алушыға 
академиялық демалыс берілуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет