«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет74/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

49-бап. 
Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері 
1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің: 
1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру 
ұйымын таңдауға; 
2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының 
жұмысына қатысуға; 
3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу 
жағдайларына қатысты ақпарат алуға; 
4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультациялардан консуль-тациялық көмек алуға; 
5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар. 
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер: 
1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға
олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын 
қамтамасыз етуге; 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 2) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, 
мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 3) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға; 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 4) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге; 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды
5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге; 
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына 
қойылатын талаптарды орындауға; 
7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті. 
2019.27.12. № 294-VІ ҚР 
Заңымен
7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда 
(
бұр.ред.қара
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет