Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
88
бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты,
сондай-ақ:
1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған
өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.
Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға
лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:
1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті
түрде ресімделмеген;
2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік
талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы
тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде
қайта ресімделеді.
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы
қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның
негізінде жүзеге асырады.
2014.16.05. № 203-V ҚР
Заңымен
57-1-баппен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: