Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
91
2. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
адамдардың:
2019.26.11. № 273-VІ ҚР
Заңымен
1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 30 мамырдан бастап
қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
1) білім беру ұйымдарына, мекемелеріне және кәсіпорындарына тексеру мақсатында
қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын көрсету арқылы кедергісіз кіруге, ал
ведомстволық білім беру ұйымдарына - оларға кірудің белгіленген режимін ескере
отырып кіруге;
2) тексеруді жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратып алуға, тексеру
нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға құқығы бар.
3. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
адамдар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, білім беру қызметі субъектілерінің
құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексерулерді осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілері негізінде және оларда белгіленген тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде білім беру ұйымдарының белгіленген жұмыс режиміне
кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамаларымен белгіленген
талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және болдырмау жөніндегі
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес берілген өкілеттілікті уақтылы және толық
көлемде орындауға;
2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
5) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге;
6) алынған құжаттар мен тексеру нәтижесінде алынған мәліметтердің сақталуын
қамтамасыз етуге міндетті.
4. Білім беру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды
адамдардың іс-әрекетіне (шешімдеріне) және іс-әрекеттерді жасау (шешімдерді қабылдау)
үшін негіздеме болған ақпаратқа мүдделі адамдар жоғары тұрған лауазымды адамға және
(немесе) сотқа шағымдануы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: