8.8-сурет
. Қайрат баланың ұнату реттік шкаласы
Эксперимент арқылы анықталған: Қайрат тирге бару үшін, алдымен,
балмұздақтан, сосын қампиттен де бас тартады. Бірақ, тир үшін ол екі қорап
кампиттен немесе тӛрт балмұздақтан бас тартатынын анық айталмаймыз.
Барлық психологиялық шкалалар реттік болады. Егер кейбір
психологиялық тестін нәтижелері екі субъект үшін
а
1
мен
a
2
тең болса, онда
бірінші субъект екіншіге қарағанда, кейбір қызметке «азды-кӛпті қабілетті»
немесе «қабілеттері бірдей» деп айтуға болады. Бірақ, бірінші субъект
екіншіден «
а
1
/
a
2
есе қабілетті» деп айтуға болмайды. Керісінше, егер бір
атлет 100 кг штангыны кӛтерсе, ал екіншісі – 200 кг кӛтерсе, онда «екінші
атлет біріншіден, 2 есе күшті» деп айту әділ, бірақ мұнда шкала типі басқа.
«Сандармен жұмыс істеу» үшін ұмтылыс шкаланың интервалды (бұл
шкалада екі түрлі квантификатор арасындағы қашықтық белгілі) типіне дейін
күшеюіне келтіреді. Қашықтықты шкаланың ұзындығы бойынша бірдей
ӛлшем бірлікте кӛрсетеді. Интервал ұзындығы шкаладағы орналасу орнына
тәуелді емес. Арифметикалық операциялар квантификатор мәнімен емес,
интервалдар ұзындықтарымен ғана ӛткізіледі, себебі осындай шкалада «0»
жалғыз емес.
Мысал
. Суды 9° -тан 18 °С-ға дейін қыздырды. Судың температурасы
екі есе ӛсті деп айтуға болама? Фаренгейт шкаласы бойынша дәл осындай
ӛлшеулер мұндай нәтиже береді 37° - 42 °F. (Фаренгейт пен Цельсий
шкалалар арасындағы байланыс мына формуламен беріледі F= 5/9 °C + 32).
Кейбір шамаларда, ӛзінің физикалық табиғаты бойынша, абсолют нӛлі
болмайды немесе есептеу басын қоюға еркіндік береді. Сондықтан олар
интервалды шкалада ӛлшенеді: температура, уақыт, жер биіктігі.
Статистикада орталық моменттерде (соның ішінде дисперсия) объективті
физикалық мағынасы бар, ал бастапқы моменттер (соның ішінде орта мәні)
есептеу басымен қатар салыстырмалы болады.
Аурудың күй-жағдайын бақылайтын интеллектуалды бағдарламаның
кодындағы кәдімгі қателік мысалын келтірейік. Дене температурасының
«елеулі ӛзгеруіне» бағдарлама әсер тигізу керек. Норма 36,6 °С болғанда 40
°С ахуал пайда болды. Бағдарлама салыстырмалы ауытқуды есептеді: (1 -
36,6/40) = 1 - 0,915 = 0,085; ауытқу «айқын кішкене» болғандықтан, ешқандай
іс-әрекет орындалмады.
Дұрыс есептеулер мынадай болар еді:
1 - |40 - 36,6|/|36,6 - 43| = 1 - 0,45 = 0,55.
Мұндағы 43° С — тірі адам денесінің шекті температурасы.
82
Қатынастар шкаласындағы квантификатор мәндерімен «сандар секілді»
арифметикалық амалдар жүргізуге болады. Және де аддитивность аксиомаға
қанағаттандырылу (қосымша) керек:
егер
A
=
P
және
B
> 0, онда
A
+
B
>
P
;
A
+
B
=
B
+
A
;
егер
A
=
P
және
B
=
Q
, онда
A
+
B
=
P
+
Q
;
(
A
+
B
) +
C
=
A
+ (
B
+
C
).
Қатынастар шкаласына сәйкес болатын шамалар: ұзындық, салмақ, ақша.
Кейбір ӛлшеуіш аспаптарда шкала тұйықталған (айырмалық, циклдық,
кезеңдік шкала). Бұл жағдайда кейбір кезеңі
у
=
х
+
nb
,
n
= 0, 1, 2,... бар
интервалды шкала туралы әнгіме.
Ақырғы және ең «күшті» шкала абсолютті. Оның абсолютті нӛлі және
абсолютті бірлігі бар. Ол жалғыз және бірегей. Абсолют шкаланың басқалар
мен салыстырғанда, маңызды ерекшелігі – оның бірлігінің дерексіздігі
(ӛлшемсіздігі) және абсолюттігі. Айтылған ерекшелігі абсолют шкаланың
кӛрсеткіштеріне, басқа шкалаларға қарағанда, түрлі операцияларды жүргізуге
және осы кӛрсеткіштерді логарифм аргументі мен дәреже кӛрсеткіші ретінде
қолдануға мүмкіндік береді. Осындай қажеттілік, мысалы, психологиялық
эксперименттерді ӛңдеу кезінде жиі кездеседі. Зерттелетін шамалар
арасындағы ӛзара байланысты анықтау үшін қарапайым корреляция
қолданылады. Осындай есеп тек нормалды заң бойынша үлестірілген
бастапқы деректерге ғана рұқсат. Нақты жағдайда (мысалы, log-нормалды
үлестіру) деректер логарифмды пайдаланады, себебі олар нормалды түрде
сӛзсіз үлестіріледі. Мынадай шкала сандық ось болып табылады.
8.2-кестеде
қарастырылған шкалалар туралы негізгі мәліметтер
жиналған. Шкала неғурлым күшті болса, зерттелетін объект, құбылыс,
процесс туралы ӛлшеу арқылы соғұрлым кӛп мәліметтер алуға болады.
Кейде бастапқы байқауларды әлсіз шкалада жасайды, сосын қандай да болса
жорамал енгізіп, одан күшті шкалаға ауысады. Ӛңдеу негізінде алынған
зерттеу нәтижелері тағы ӛзгертіледі, енді шкаланың үшінші типі үшін, әдетте
олардың кӛрнекілігін қамтамасыз ету. Мысалы, 7-8 параметр бойынша
шешімді қабылдау нәтижесінде үшӛлшемді бейнені салады.
|