50
Өте маңызды
Атом — ядродан және электрондардан тұратын
күрделі бөлшек. Атом ядросын протондар мен
нейтрондар құрайды. Атомның барлық массасы
ядрода жинақталған. Атом — электрбейтарап
бөлшек, яғни протондар мен электрондар саны тең
және ол химиялық элементтің реттік нөміріне тең.
Ядро зарядтары бірдей, бірақ атомдық массалары
әртүрлі бір элемент атомдарының түрөзгерісі
изотоптар деп аталады.
7-
кесте
Хлор изотоптары
Элемент
17
35
Cl
17
37
Cl
Атом нөмірі
17
17
Атомдық масса
35
37
Протон саны
17
17
Нейтрон саны
18
20
Электрон саны
17
17
Табиғатта кездесуі (% масса бойынша)
75
25
Химиялық элементтер изотоптарының құрамын біле отырып,
калий, теллур және кейбір басқа элементтердің периодтық кестеде
атом дық массаларының өсу ретімен орналас пағанын түсіндіруге
болады. Табиғи теллурдың 8 изотобы бар. Олардың ішінде массалары
126, 128, 130 болатындары жиірек кездеседі, сондықтан оның орташа
салыстырмалы атомдық массасы (127,6). Йодтың салыстырмалы
атомдық массасынан (127) үлкен, бірақ теллурдың ядро заряды
+52, ал йодтікі +53. Сондықтан теллур периодтық жүйеде йодтан
бұрын орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: