76
Октавалар заңын ол былайша тұжырымдады:
“Ұқсас эле мент
тердің нөмірлері ереже бойынша бірбірінен бүтін жеті санға немесе
жеті еселікке ерекшеленеді; басқаша айтқанда, бір топ мүшелері
бірбірімен музыкадағы октавалардың шеткі нүктелері сияқты
қатынаста болады”.
Ол элементтерді жеті топқа бөліп орналастырды. Сөйтіп, ол осылай
орналастырылған вертикаль топтарға қасиеттері ұқсас элементтер
енгенін байқады. Дж.А.Нью лендс
химиялық элементтердің атом-
дық массалары мен химиялық қасиеттерін сәйкестендірді және
әр элементке рет нөмірін тағайындады. Оның кестесінде бос орын
бол мады. Ол әр периодта жеті топ жасаумен шектелді және кейбір
ұяшық тарға бірнеше элементтерді орналастыруға тура келді. Сон-
дық тан ғылым оның жаңалығына шүбәмен қарады.
1869 жылдың басында “Химия негіздері”
оқулы ғының құрылымы туралы ойлап отырып,
Д.И.Менделеев элементтердің
қасиеттері мен
атомдық массаларының арасында қандай да
бір заңдылық бар деген қорытындыға келді.
“Атомдық салмағы
мен химиялық ұқсас тық-
тарына негізделген элементтер жүйесіне тәжі-
рибе” деп аталатын кестесі периодтық заңның
пайда болуына алғашқы жасалған қадам болды.
Кейінірек Д.И.Менделеев
өзінің заңын тұжы-
рымдады:
“химиялық элементтердің және олар түзе-
тін жай және күрделі заттардың қасиеттері олар дың
атомдық массаларына периодты түрде тәуелді”.
Элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерінің
ұқсастығын негізге алып, Д.И.Менделеев атомдық массаларының өсу
принципіне көзсіз берілген жоқ. Ол кейбір элементтердің атомдық
массалары дәлдікпен анықталмауы мүмкін екенін ескерді. Қазіргі
замандағы периодтық кестеде атомдық массалардың өсуінде кейбір
ерекшеліктер белгілі, олар элементтердің
изотоптық құрамының
ерекшеліктеріне байланысты.
Cl — 35,5
Ar — 39,9
K — 39,1
Fe — 55,8
Co — 58,9
Ni — 58,7
Sb — 121,8
Te — 127,6
I — 126,9
Сонымен қатар Д.И.Менделеев әлі ашылмаған элементтерге
орын
қал дырды, ол орындар келесі онжылдықтарда толтырылды
Д.И.Менделеев
77
және периодтық заң мен периодтық кестенің дұрыстығын дәлелдеді
(28-сурет).
Д.И.Менделеевтің периодтық кестесіндегі әр элементке атомдық
массасының артуына қарай
рет нөмірі
берілді. Атомның құрылыс
теориясының дамуы рет нөмірдің
физикалық мәнінің ашылуына
түрткі болды. Элементтің рет нөмірі атомның
ядро зарядына
сәйкес
болатыны анықталды.
Менделеев периодтық заңды ашқанда атомның құрылысы жайлы
ештеңе білмеді. Элементтің рет нөмірі атомның ядро зарядына тең
екені дәлелденгенде периодтық заң жаңа тұжырымға ие болды:
Достарыңызбен бөлісу: