Оқулық Қазақстан Ðеспóбликасының Áілім æәне ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет51/94
Дата15.11.2023
өлшемі3,52 Mb.
#122605
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94
Байланысты:
7 сынып химия оқулығы

9-Зертханалық жұмыс
мырыштың сұйытылған тұз қышқылымен 
әрекеттесуі
Сынауыққа мырыштың бір түйірін салып, үстіне бірнеше тамшы 
сұйытылған тұз қышқылын тамызыңдар. Металдардың белсенділік 
қатарындағы орнына сәйкес осы метал л мен тұз қышқылы арасында 
химиялық реакцияның жүруіне бол жам жасаңдар. Байқаған 
құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін сөзбен жазыңдар. 
10-Зертханалық жұмыс
сутекке сапалық реакция
2 оқушыға
реактивтер:
• мырыш түйіршіктері;
• тұз қышқылының сұйытылған ерітіндісі.
химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар: 
• тұрғы — 1 дана;
• сынауық — 2 дана;


71
• газ жүретін түтік — 1 дана;
• спиртшам — 1 дана.
Газ алуға арналған құрылғыны құрастырып, оның герметикалығын 
тексеріңдер. Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне 1-2 мл сұйы-
тылған тұз қышқылын құйыңдар. Сынауықты газ жүретін түтігі 
бар тығынмен жауып (25-сурет), екінші ұшына тағы бір сынауық 
кигізіңдер. Сынауық газға толғанша аз уақыт күте тұрыңдар.
Сутекке толған сынауықты жоғары қаратпай спиртшамның 
жалы нына апарып, сутектің “тазалығын” тексеріңдер. Не байқа-
дыңдар? 
25-сурет. 
Газ алуға арналған құрылғы
?
 1
. Мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде қандай құбылыс байқалады? 
Химиялық реакцияның теңдеуін сөзбен жазыңдар.
 
2. 
Тәжірибе барысында бақылағандарың бойынша сутектің физикалық 
қасиеттерін сипаттаңдар.
 3. 
Сутекті қалай танып білуге болатынын сипаттаңдар.
 4. 
Тәжірибе жүргізу үшін неліктен сутектің тазалығын тексеру 
қажет?
3-ÏраÊтÈÊалық жұмыс 
сұйытылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесу 
реакциясы. Êөмірқышқыл газына сапалық реакция
1. Сынауыққа бордың немесе мәрмәрдің бірнеше кесегін салып, 
үстіне 2 мл тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар. Сынауықты газ 
жүретін түтігі бар тығынмен жабыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет