Дипломдық жоба жұмысының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: - мұқаба (сыртқы беті);
- титулдық бет;
- дипломдық жоба жұмысының ( орындалуына тапсырма;
- мазмұны;
- кіріспе;
- негізгі бөлім;
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
Дипломдық жобаның көлемі баспа мәтінінің 25 - 30 бетін құрайды. Дипломдық жоба жұмысының кіріспе бөлімде жобаның өзектілігін және оның
жаңалығын негіздеу қажет. Негізгі, практикалық бөлімде жобада жасалған өнімдер
көрсетіледі. Пайдаланған әдебиеттер кем дегенде 15 дереккөзді қамтиды. Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі мәтіндегі сілтемелер бойынша құрылады. Диплом жоба араб
цифрларымен нүктесіз нөмірленеді. Тізім абзац шегінісімен басып шығарылады.
Пайдаланылған дереккөздерге сілтемелер дереккөздер тізімінде реттік нөмірмен көрсетілуі
және дипломдық жобаның мәтінінде олардың аталу ретімен төртбұрышты жақшада берілуі
керек. Бір дереккөзге бірнеше рет сілтеме жасағанда, дереккөздің реттік нөміріне қосымша
төртбұрышты жақшада сәйкес бет көрсетіледі (мысалы, [1, 15 б.]).
Қосымшада фотосуреттер, және т.б. әртүрлі материалдарды қамтылуы мүмкін.
Қосымшалар дипломдық жобаның жалғасы ретінде оның келесі парақтарында, дипломдық
жобаның мәтінінде оларға сілтемелер ретімен орналастырылуы керек. Əрбір «Қосымша»
парақтың оң жақ бұрышында көрсетілген жаңа беттен басталуы керек, араб цифрларымен
үздіксіз тәртіпте нөмірленеді және жеке жолға бас әріппен мәтінге қатысты симметриялы
түрде жазылатын тақырыбы болуы керек.
Дипломдық жоба стандартты А4 парақтарында толтырылып, тігілген болуы керек,
бір интервалмен, қаріп стилі - «Times New Roman», шрифт өлшемі 14. Мәтінді бет-бет
жазғанда келесі жиектер сақталуы керек: сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы
– 20 мм, төменгі жағы – 20 мм. Кіріспе, жобаның негізгі бөлімінің бөлімдері, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалар жаңа беттен басталады.