•
Өзін-өзі басқару (мақалаларды оқу мен жазу үшін өз уақытын тиімді пайдалану мен
жоспарлау;
•
Жазба жұмысының жоспарын алдын ала жаза білу;
•
Соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету.
Кез келген оқырман қалауына қарай түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Ал,
мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық емес деп екіге бөлуге
болады. Бірінші түріне рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми
пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. жатқызуға болады.
Осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай
құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады.
Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік
зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мәселен, физика немесе химия саласы бойынша
жазылатын ғылыми мәтіндер тақырыптарына байланысты термин сөздер мен күрделі
формулаларды қолдану арқылы түрлі тәжірибелік сынақтарды түсіндіру
немесе талдау
бағытында жазылады, ал әлеуметтік сала бағытында жазылатын жұмыстар түрлі әлеуметтік
саяси құбылыстарды түсіндіру бағытында жүргізіледі. Мұндай мәтіндер көбінесе осы
саланың арнайы мамандарына ғана түсінікті болуы мүмкін.
Дегенмен, ғылыми бағытта
жазылатын жұмыстың барлығының бір ғана мақсаты бар. Ол
зерттеу жұмысымен және
оның нәтижесімен басқа адамдарды таныстыру, сол себепті академиялық мәтін түсінікті
тілде, жүйелі құрылымда жазылуы қажет. Мәселен, экономикалық бағытта жазылатын оқу
құралын
алатын болсақ, оның негігізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен
ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру. Сондықтан, академиялық
мәтін ғылыми мәтінің негізгі
талаптарын сақтай отырып, оқырманға түсінікті тілді
таңдайды.
Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі
құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын
жұмыс ғылыми мәлімет беруге
бағытталады. Сол себепті, академиялық бағытта жазба жұмысын жазу барысында ақпарат
түсінікті және мағыналы болуы үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: