Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Сократкд дейінгі философия



Pdf көрінісі
бет19/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Сократкд дейінгі философия
2 3
Гесиод, т.б.) табиғат сырын түсінуге мүмкіндік бермейді, себебі олардың жырлары, 
ілімдері логосты түсінуге бағытталмаған. Үшіншіден, көп білгендік те логосты 
түсінетіндей ақылға ақыл қоспайды. Данышпандықтың белгісі - дүниснің бірлі- 
гін мойындап, логосты танып-білуге кедергі қубылыстардан өзін алшақ ұстап, сол 
дүниенің даму заңдылықтарына бағынуы.
Гераклит адамдар табиғатынан бір-бірімен тең десе де, шын мэнінде олар- 
дың тең еместігін мойындайды. Олардың теңсіздігі - талғам-мүдделерінің эр- 
түрлілігінің салдары. Көп адамдар логос заңымен өмір сүрмейді, өз түсінігімен 
өмір сүреді. Ондай адамдар өз ынтызарлығының билігінде болады. Бірақ олар 
бір нәрсені түсінбейді. Мысалы, олардың барлық тілектері орындалса да, жағдай- 
лары соншалықты жақсармас еді. Жалпы, адам мемлекеттік құрылымның да, 
табиғаттың да негізін қалайтын логос заңына мойынсұну арқасында өз жанын 
тыныштыққа бөлеп, айқындайды, сөйтіп, бақытқа кенеледі.
Гераклиттің ілімі ежелгі грек, эсіресе стоиктер философиясына үлкен эсер 
етті, олардың арқасында бүкіл Батысқа тарады. Гегель, Лассаль, Ницше сияқты 
гұламалардың еңбектерінде Гераклиттің көптеген идеялары одан эрі дамытылып, 
жалғастырылды. Гераклиттің іліміне марксистер де көп көңіл бөлді.
Пифагор 
(б.д.д. 580-500 ж.). Біздің дэуірімізге дейінгі VI ғасырдың аяғында 
философиялық ілімдер Кіші Азиядан «¥лы Элладаға» ауыса бастады. Осы кезең- 
де оңтүстік Италия мен Сицилияда «Пифагоршылар мектебі» деп аталған одақ 
құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-эдептілік тұрғыдан реформалау қажетті- 
гі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына 
қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керек- 
тігін уағыздады. Пифагоршылар өздері бірауыз болмағаны, осыған орай, «ата 
жолын» қуушылар мен мемлекеттік билікке барлық халық қатысуы керек деген 
ағымдардың арасында тартыстар болатыны белгілі.
Пифагор Самос аралында туып-өскенмен, кейінірек келе, эртүрлі жағдайларға 
байланысты Египетте, Вавилонда (жрецтерден дэріс алған), Үндістанда болып, ең 
соңында «¥лы Элладаның» Критон қаласында өмір кешкен.
Пифагор жэне пифагоршылар туралы Аристотель былай дейді: «Олар - ма- 
тематикамен шын мәнінде шүгылданган алғашқы ойшылдар. Пифагор тек қана 
математикамен айналысып қоймай, оның негізгі қағидаларын - сандарды жалпы 
әлемдік қағидаға айналдырған жэне сол сандардың арақатынастарын, олардың 
арасындағы пропорцияны элемдік үйлесімділіктің бейнесі деген көзқарасты 
өзінің философиялық ілімінің өзегі етіп қабылдаған. Оның пікірінше, сандар -
барлық заттардың, Гарыштың негізі. Пифагордың Гарыштың бастамасы, негізі 
деп отырған сандары жай күнделікті өмірде қолданып жүрген сандар емес, олар 
- Гарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсететін сандар. Бул үйлесімділікті біз 
аспан денелерінің бір сазды дыбысты белгілі бір интервалда шығаруынан білеміз. 
Бірақ ол дыбыстар үздіксіз шығып тұргандықтан жэне олар бізге тұрақты эсер 
еткендіктен, біз оны қабылдай алмаймыз. Эр планета Жерді айнала жүріп, өзде- 
ріне тән дыбыс шығарады. Мысалы, Айдың дыбысы биік, ал Сатурнның дыбысы 
өте томен, осы екі дыбыс қосылғанда үйлесімді мелодия пайда болады. Сандар 
тек денелерге ғана тэн бастама емес, олар әдептілікке де, рухани құбылыстарға 
да, жанға да тэн. Жан дегеніміз - сандардың үйлесімділігі. Жан мэңгі өмір сүре-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет