Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
2 8 4 V III тарау. Крзащ философиясы да үлкен түсініксіздікке, торығуға, сары уайымға салынуға алып келері сөзсіз
еді. Бүл кезеңді қазақ халқының басына төнген үлкен қайғы-қасірет деп түсінді
зар заман ақындары. Бүл кезең олардың санасын пессимизмге берілуге алып
келді.
Заман қайтіп озалсын?
Адам қайтіп қуансын?
Жандарал болды ұлығьщ,
Майыр қалды сынығың.
Айырылмастай дерт болды,
Нашарға қылған зорлығың
Кінэзді кордің жырындай,
Талмашты көрдің биіндей.
Дуалды көрдің үйіңдей,
Абақгы тұр көрівдей.
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне малы көрінбей.
Билер пара жейді екен
Сақгап қойған сүріндей.
Заманның түрі бұзылды
Текеметтің түріндей, —
деп Шортанбай ақын ел арасында халыққа деген зорлық-зомбылықгың, әділет-
сіздіктің, үрлық пен парақорлықтың белең алып бара жатқанына бар жан дүние-
сімен күйініп, елдің болашағына деген үміт үзіле бастағанына қатты қайғырады,.
содан шығудың жолдарын іздеп арпалысады.
Сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтар Шортанбай
дүниетанымына да эсер етпей қалған жоқ. Бұл жағдай оның қоғам өмірі жай-
лы пайымдауларына да қайшы пікірлер алып келді. Ол қайшылықтар орынды
да, тарихи түрғыдан алғанда түсінікгі де. Бұл ақынның өмір сүрген дәуіріндегі
элеуметтік топтарға тэн қайшылықтар еді. Шортанбай ақын қоғамдық санада бо-
лып жатқан өзгерістерді, қазақ даласына енген жаңалықтарды қазақ қауымыньщ
жаңа тұрмыс салтына ұмтылуын өз көзімен көрді, солардың куэсі болды. Ол
өмірдің осы жағын жырлай отырып, қазақ халқының болашақ, мақсат-мүддесін
қорғады. Зар заман ақындарының ең беделді өкілдерінің бірі - Мүрат Мөңкеұлы
болды. Мүрат Мөңкеүлы қазақ жері талқыға түсіп, отаршылдардың ойранына
айналған жылдарда халқына үран тастап, қарсы күреске шақырды. Ақынның
«Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Әттең бір қапы дүние-ай» сияқгы толғау-
дастандары арқылы қазақжерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа
қаймықпай қарсы тұрды. Ата-бабаларының қасық қаны қалғанша қорғаған жерін
отарлаушылардың табанының астына таптатқысы келмеді. Үланғайыр далаға
патша үкіметінің өктемдікпен тап беруі Мүраттың ыза-кегін оятты. Патша
жендетгеріне деген өшпенділігі кеудесіне сыймай жыр болып құйылды94. Бұған
дәлел ретінде ақьшның «Үш қиян» толғауында:
Еділді тартып алғаны,
Етекке қолды салғаны.
94 Омарұлы Б. М ұрат Мөңксұлы. -А лм аты , 1993. - 8-6.