Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет38/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Стоиктер философиясының 
негізін қалаушы Китоннан шыққан 
Зенон
(б.д.д. 336-264 ж.) өзінің мектебін Афиныдағы Стоя Пойкиле деген жерде өмірге 
әкелген, осыдан барып, осы мектептің өкілдерін 
стоиктер 
деп атап кеткен. Негізгі 
өкілдері: Зенон, Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий, т.б.
Стоиктердің пікірінше, элем - біртұтас дене. Біртұтас денелі элем құдаймен 
пара-пар деп қарастырады. Оны өзін жандандыратын тынысы (пневма) жайьшған. 
«Пневма» идеалды немесе абстракция емес, ол — материалды (ұсақ) бөлшек. Ол 
- әлемнің жаны, ақыл-ойы. Ал денелер - оньщ модификациясы. Элемде болып 
жатқан өзгерістер қатал қажеттілік заңына бағынғандықтан, ол мақсаттылық жо- 
лымен дамиды, ал жеке заттар, заттардың бөлщектері, дұбылыстардың өзгеруі, 
дамуы біртұтастыдда, оның жетілуіне тікелей байланысты. Стоиктер Гераклит 
сияқты элем оттан жаралады жэне ол әлсін-әлсін қайтадан отқа айналады дей оты- 
рып, бұл құбылыстың себебі біртугас элемнің өзінің логос заңына бағынғанды- 
ғында жатыр деп есептеген.
Біртұтас әлемге тэн қажеггілік заңын стоиктер қоғамдық өмірге де таратады. 
Осыдан келіп, олар бостандық жэне адам өмірінің ең жоғары мақсаты сияқты мәсе- 
лелерді өз ілімдерінің өзекті мәселелері деп санаған. Бостандық ұғымын стоиктер 
қажеттілік ұғымы арқылы түсіндіруге тырысады. Қажеттілік («тағдыр») талассыз 
айқын болатын заңдылыд болғандықтан, бостандықтың болуы мүмкін емес. 
Адамдардың іс-әрекеттері бір-бірінен ерікті немесе еріксіз жасалғандықтарына 
қарап ажыратылмайды. Себебі олардың тек қажеттілікке байланысты болатынды- 
ғы белгілі, керісінше, олар бір-бірінен болмай қоймайтын, заңды дажеттілікті өз 
еркімен немесе амалсыздан (зорлыдпен) орындауларымен ажыратылады. Қажетті- 
лік заңына байланысты тағдыр біреулерді алға жетелесе, оған қарсы болғандарды 
сүйрелейді.
Ал адамдар, бір жағынан, қоғамдық жандар, екінші жағынан, біртұтас элем- 
нің бір бөлігі болғандықтан, олардың өзін-өзі сақтауға талпынысы, айналып 
келгенде, мемлекеттік игілік үшін қамқорлық деңгейіне дейін, кейбір жағдайда,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет