Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет9/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Ү нді философиясы
13
қажет: 1. Өмір - қасірет. Өмірге келу, кэрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен 
айырылу, қажетіңе жете алмау, т.б. борі - қасірет. 2. Қасіреттің пайда болуы туралы 
ақиқат. 3. Қасіреттің пайда болу себсбі - өмірден ләззат алуға деген құштарлық 
екенін түсініп, аталған құштарлықтан құтылу арқылы оны жеңуге болатынды- 
ғына сену. 4. Құштарлықтан құтылу жолдарын білу. Құштарлықтан құтылу оңай 
емес, ол үшін сегіз эдептілік қағиданы бұлжытпай орындау арқылы жанды таза 
ұстауға тырысу қажет. Олар: 1. Дүрыс жол - төрт ақиқатты дұрыс түсіну. 2. Ду­
рью шешім - төрт ақиқатқа өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер. 3. Дұрыс 
сөз - өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау. 4. Дұрыс іс-әре- 
кет - ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұр л ық- қар л ықта н қашық болу. 
5. Дүрыс тұрмыс қалпы - адал еңбек етуді әдетке айналдыру. 6. Дүрьтс күш жұмсау 
- құмарлықпен, жаман оймен күресу. 7. Дұрыс ой бағыты - бұл дүниенің жалған, 
алдамшы, уақытша екенін түсіну. 8. Дұрыс жинақтала білу - өз дененді сезінуден, 
ойлаудан, түйсінуден арылу.
Дұрыс жинақтала білудің өзі төрт сатыдан тұрады: 1. Ойды 4 ақиқатты тү- 
сініп, пайымдауға бағыштау. 2. Осы төрт ақиқатқа сену. Ол біздің жанымыздың 
тыныштықта жэне қуанышта болуына мүмкіндік береді. 3. Қуаныш-қайғыдан, өз 
денеңді сезінуден арылу. 4. Толық сабырлық жэне талғаусыздық жағдайға жету. 
Соңғы сатыны Будда «нирвана» деп атайды. Нирвана - қайта тірілуден құтқару. 
Нирвана - мокшаның өзгерген түрі. Тек нирвананың мокшадан айырмашылы- 
ғы мокша жанды қасіреттен о дүниеде азат етсе, нирвана бұл дүниеде азат ете- 
ді. Нирвана жағдайына жеткен адамды архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп 
атайды. Нирвана, архат жағдайына жеткен адамды брахман деуге де болады. Олай 
болса, нирвана - ең жоғары лэззат. Кейін келе нирвана ұғымы адамның бойы- 
нан бүкіл элемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мэңгі, оны ешкім дүниеге 
экелмейді жэне пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшеле- 
рі арқьшы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген, ақьш-ойы 
таза, күнделікті қызықтан алшақ адам танып-біле алады.
Біздің дэуірімізге дейінгі III ғасырда буддизм Үндістанның ресми идеологиясы 
болды. Кейінірек келе ол дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна «кіші 
шеңбер» деп аталатын ағым алғашқы буддизмге жақынырақ болса, махаяна - «үл- 
кен шеңбер» деп аталатын ағым - архатган гөрі «бодхисатваны» пір тұтады. «Бод- 
хисатва» - архатқа жетпеген, бірақ толық білімге жетуге талпынып жүрген адам. 
Ол білгір адамнан гөрі дін уағыздаушы адамға көбірек ұқсайды. Өзінің ерлігімен, 
батырлығымен ол тек өзін ғана қүтқармайды, өз күшімен нирванаға жете алмай- 
тындардың бэрін күтқарады. Сөйтіп, нирвана өзінің бұрынғы мағынасынан 
айырылып, «жүмақ» ұғымына пара-пар ұғымға айналады.
Буддизмге сенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп 
кездеседі (Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон, т.б.). Ал Үндістанның өзінде буд- 
дизмнің орнын брахманизм басады да, буддизмдегі Будда Вишну қүдайдың бір 
көрінісі болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет