Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Роман-эпопеядағы кейіпкерлер мен географиялық атаулар туралы толық



Pdf көрінісі
бет48/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

Роман-эпопеядағы кейіпкерлер мен географиялық атаулар туралы толық 
мәліметті «Абай» энциклопедиясынан (Алматы: Атамұра, 1995) алуға 
болады.


183
АБАЙ ЖОЛЫ
 
Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің мұра-
жай-үйі. 1987 жылдан бастап Абай 
мұражайының бөлімі болып есепте-
леді. Ұлы тұлғаларға арналған тари-
хи ескерткіштер туралы мына сілте-
ме арқылы кеңірек біле аласыңдар 
http://abay-museum.kz/b-rili
Назар аудар!
«Абай жолының» 2-кітабындағы барлық тарауына ортақ тапсырма
1. Құнанбайдың қажылық сапарға аттануы туралы өз ойларыңмен бө-
лі сің дер. Қажылық сапарға аттанып бара жатып, Ұлжанға айтқан:
«...Бәйбіше, үй серігім ғана емес, өмір серігім едің...», – деген сөзіне 
мән беріп, пікір алмасыңдар.
2. Роман-эпопеядағы Абай Құнанбайұлының өзге ұлт өкілдерімен қа-
рым-қатынасы мен достық байланысы туралы әңгімелесіңдер. 
1. Біржан салдың Абай ауылына келуі жастарға қандай өзгеріс әкелді?
2. Оралбай мен Керімбала, Базаралы мен Балбала, Әмір мен Үмітей ара-
сындағы махаббат сезімдеріне Біржан өлеңдерінің ықпалы қандай? 
3. Жігітек пен Бөкеншінің арасындағы араздықтың туу себебі неде?
1. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әр мекенге берілетін сипаттама-
ға, пейзаждың суреттелуіне назар аударыңдар. Оқиға желісі бойын-
ша иллюстрациялаңдар. 
2. Тараулардың атауына мән беріңдер. «Биікте» тарауына автор қосым-
ша тақырып ретінде «Татьянаның сахарадағы әні» деп жазған, ал 


184
сендер қалған тарауларға қандай қосымша атау берер едіңдер, сы-
ныпта осы туралы ойларыңды ортаға салыңдар. Екінші кітаптың 
мазмұнын тараулардың аты бойынша сызба түрінде көрсетуге бола 
ма? Ойланыңдар.
1. Романнан кейіпкерлерді тауып, мінездеме беріңдер. Иіс кемпір, 
Біржан сал, Базаралы, Әйгерім, Әмір, Үмітей, Керімбала, Оралбай, 
т.б. 
2. Роман-эпопеядағы әке мен бала, ана мен бала қарым-қатынасына, 
кейіпкерлер психологиясына мән беріңдер. Жазушы кеңес идеоло-
гиясының тегеурініне байланысты қай сөздерді, қандай оқиғаларды 
қосуы мүмкін екенін айтып, талдаңдар. 
3. «Абай жолындағы» әйелдер галереясын жасаңдар. Әр кейіпкерге 
жүктелген міндетті анықтаңдар. 
4. Роман-эпопеядағы тартыстың дамытылуы мен Абай Құнанбайұлы-
ның халықтың қамқоршысы ретінде қалыптасуына мән беріп, әр са-
тыдағы оқиғаларды талдаңдар.
5. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет