Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет47/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

«Полковник» аралы
«Абай жолының» 4-кітабында «Полковник» аралы деген қолданыс бар. Бұл 
аралды жергілікті халық «Түйемойнақ» деп атаған, ал өзге ұлт өкілдері «Полков
-
ничий» деген. Еліміз тәуелсіздік ал ған нан кейін бұл аралдың атауы «Бей біт ші-
лік» деп өзгертілді. 
Бұл арал бұрыннан сауда және демалыс орны болды. Қазақтардың «Түйе
-
мойнақ» деп атауы оның пішініне байланысты, яғни түйенің мойнына ұқсас. Ал 
өзге ұлттар аралды «Полковничий» деген. Оның бұлай аталу себебін өлкетану
-
шы Виктор Кишляков XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бас кезіндегі кар
-
таларды зерттеу нәтижесінде анықтады. Оның анықтауынша, «Полковничий» 
атауы 1787 жылы Семей бекінісіне комендант болып тағайындалған подполков
-
ник (кейін полковник шенін алған) Матвей Иванович Гейцигке байланысты. 
Ол кезде карталарды әскерилер жасайтын. Офицерлер 1797 жылы өмірден 
өткен комендант есімін есте қалдыру мақсатында картаға аралды «Полковни
-
чий» деп белгілеген.
Материалдар https://votpusk.info/places/ostrov-polkovnichij 
сайтынан алынды. 


182
Ғаламтор
1. М.Әуезовке арналған хабарларды тауып, сыныпта ойларыңды ортаға са
-
лыңдар. 
2. https://ok.ru/video/10433398215 сілтеме бойынша «Құнанбай» фильмін та
-
машалаңдар. Режиссері: Досхан Жолжақсынов. 
Қосымша оқу үшін
1. Жұртбай Т. Құнанбай. Тарихи және әдеби тұлға. – Алматы, «Алаш», 2004. 
2. Тоқтаров Р. Абайдың жұмбағы. Роман. – Алматы, «Әл-Фараби», 1999.
Артық болмас білгенің
БАТА
 
Ежелгі дәуірден тамыр тартатын батаның екі түрі – бірі – оң бата, бірі – қар
-
ғыс – теріс бата. Теріс бата беруші қолын теріс қаратып ұстайды. 
Ертеде адамдар сөз киелі деп қабылдаған, сондықтан қандай сөз айтылса, 
сол орындалады деп сенген. Оң батаны үлкен шаруаны бастардың алдында
абыройлы ақсақалдардан сұрайды. Жастардың тарапынан жақсылық көрген 
кезде де үлкен адамдар қуанып, бата береді. Ал адамның жаны күйзелгенде, 
қарғыс айтылады. Дегенмен өзін сыйлайтын адам қарғыс айтпайды. Кез келген 
дау-дамайды, ренішті мәдениетті түрде шешуге тырысу керек. Халық даналығы 
«Жөнсіз қарғыс иесін табады» деп сақтандырады.
Назар аудар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет