Бастауыш сыныпта еңбек пәнінің политехникалық
бірлестігін шамамен мына сызба бойынша көрсетуге
болады:
ЕЗ – Еңбек заты.
ЕҚ – Еңбек құралы.
АЕ – Адам еңбегі.
ЕН – Еңбек нәтижесі.
1.ЕЗ – Бастауыш класта қолданылатын материалдар:қағаз,тері,ермексаз,әр
түрлі материалдар,т.б.
2.ЕҚ – қарандаш,қайшы,біз,сызғыш,циркуль,т.б.
3.АЕ – білімі,әдісі,жұмысты жоспарлай
білуі.Мысалы:бүктеу,кесу,біріктіру,т.б.
4.ЕН – біткен жұмыс:қорапша,ұшақ,машина,т.б.
Еңбекке баулу сабақтарында мұғалім бастауыш сынып оқушыларының еңбек
құралдары мен материалдары туралы танымдарын ұлғайтады.Бастауыш сынып
оқушылары жартылай өңдеуден өтікен материалдармен,мысалы
қағаз,картон,мата,пластилин,ағаш сынығы,металл,полуфабрикат және басқаларды
қолданады.Осымен қатар балалар тірі табиғаттан алынған материалдарды
өңдейді,мысалы шырша,емен жаңғақтары мен жапырақтарын,аққайың қабықтары
мен бұтақтарды және т.б.
Сонымен қатар,мұғалім балаларды аталған материалдардың физикалық,механикалық
жіне техналогиялық қасиеттерімен таныстырады.Әңгімелесу,саяхатқа шығу және
практикалық жұмыстарды жасау барысында оқушылар қағаз-картон,мата,пластмасса
шығаратын полиграфия жіне құрылыс өнеркәсіптері туралы жалпы түсініктер
алады.Материал қасиеттері мен оны өңдеу тәсілдерін оқыту оқушылардың
политехникалық бағдарларын кеңейтіп қана қоймай,олардың еңбегінің нақты,тиімді
және нәтижелі болуына ықпал етеді.
Оқушылардың еңбек құралдарымен жүйелі таныстырып отыруы мұғалімнің
маңызды міндеті болып табылады.бастауыш сынып оқушылары жұмыстың
Достарыңызбен бөлісу: |