СОӨЖ 1
Бастауыш мектепте еңбекті
оқыту теориясы мен
технологиясы және практикумы
– педагогика ғылымының саласы.
Орындаған: Қуаналы Н.
Жоспар:
1.Еңбекті оқытудың теориясы мен
технологиясы және практикумы пәні
2.Еңбекті оқытудың теориясы мен
технологиясы және практикумы пәнінің
мақсат-міндеттері
3.Еңбекті оқытудың теориясы мен
технологиясы және практикумы пәнінің басқа
пәндермен байланысы
Әдістеме пәні ретінде оқыту және тәрбиелеу процесінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырады.
Педагогикалық ғылымның жалпы және жеке әдістемесі бар.Жалпы оқыту заңдылықтары дидактикамен
байланысты,ал жеке-әрбір оқыту пәнінің зерттеу обьектілерін,міндеттерін және әдістерін қарастырады.
Оқыту мен дамытудың өзара тығыз байланысты үдерістері бар,олар:оқытудың мазмұны,мұғалімнің қызметі-
оқыту,оқушылардың қызметі-оқу.Әдістеменің қызметі-осы үш заңдылықтардың байланыстарын зерттеу және
соның негізінде оқу пәнінің,оқытудың мазмұнының талаптарын құрастыру.
Сонымен,әдістеменің обьектісі болып оқыту процесі саналады.
Оқыту әдістемесі әрдайым бір мақсатқа бағытталады.Қазіргі мектепте оның мақсаты тек оқушыларды
біліммен,білікпен және дағдымен қаруландырып қою емес,сонымен қатар денесі шыныққан,иілімді
ақылымен,жақсы эстетикалық талғамымен жіне жоғары ізгілік қасиеттерімен жан-жақты дамыған адамдарды
ізірлеу.
Оқыту әдістемесі машықтық тәрбиені теориялық жағынан қорытындылайды,өзін дәлелдейтін және жақсы
нәтижелер беретін оқыту әдістерін ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |