Оқулық «гэотар-медиа»


Сурет 6-32. Жүктеме кезіндегі  бұлшық ет рельефі  Сурет 6-32



Pdf көрінісі
бет109/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Сурет 6-32.
Жүктеме кезіндегі 
бұлшық ет рельефі 
Сурет 6-32.
Жүктеме кезіндегі 
бұлшық ет рельефі 
161 
сын анықтау үшін бет, тұлға, қол-аяқтың сәйкес бұлшық еттерін 
салыстырады. Нақты баға беру үшін оң және сол қол–аяқтың жуандығын 
бірдей деңгейде сантиметрлік таспамен өлшеп салыстырады. Бұлшықет 
асимметриясы – толық жетілмеу, жарақат, жүйке жүйесі патологиясы, 
кейбір ревматикалық аурулар (бір жақты склеродермия, ювенильді 
ревматоидты артрит) және т.б салдарынан дамиды.
Пальпация кезінде жергілікті және жалпы ауырсынуды, сонымен 
қатар қабыну процессі, бұлшықеттерде кальцийдің ошақты және 
диффузды жинақталуы салдарынан бұлшықеттің бойлай қалыңдағанын 
анықтайды. 
Бұлшықет тонусы.
Бұлшықет тонусы – ОЖЖ-мен реттелетін және 
бұлшықеттегі 
метаболиттік 
процесстерге 
тәуелді 
бұлшықеттің 
рефлекторлы жиырылуы. Бұлшықет тонусының төмендеуін немесе мүлде 
болмауын сәйкесінше гипотония немесе атония деп атайды, қалыпты 
тонусты – нормотония, жоғары тонусты – гипертония деп атайды. 
Баланың дене қалпын және қол-аяғының орналасуын визуальды 
бағалау арқылы бұлшықет тонусы жағдайы туралы бастапқы қорытынды 
беріледі. Сау нәрестенің дене қалпы (қолдары шынтақ буынында бүгілген, 
тізелер және сандар буындары бүгілген, ішке тартылып орналасқан) 
бүккіш бұлшықетердің физиологиялық гипертонусын куәландырады. 
Бұлшықет тонусы төмен болған кезде нәресте үстел үстінде қол-аяғы 
жазылған қалыпта жатады. Ересектеу балаларда бұлшықет тонусының 
төмендеуі дене мүсіні бұзылуына, қанатша тәрізді жауырынның болуына, 
шектен тыс бел лордозының дамуына, іштің ұлғаюына алып келеді. 
Сәйкесінше буындардың белсенсіз қимыл-қозғалысы кезіндегі 
бұлшықеттің қарсыласу күшін бағалау арқылы бұлшықет тонусын 
зерттейді (қол-аяқ максималды босаңсып тұруы керек). 


162 
Бұлшықет тонусының жоғарлауының екі түрін ажыратады: 

Бұлшықет спастикалығы
– қозғалысқа қарсыласу тек пассивті бүгу 
мен жазудың бастапқы кезінде ғана, ал соңынан қарсыласу азаяды
(«жиналмалы пышақ» феномені). ОЖЖ-ның жұлынның алдыңғы мүйізінің 
жасушаларына әсерінің бұзылысы және сегментарлы рефлекторлық 
аппараттың тежелуі кезінде дамиды. 

Бұлшықет ригидтілігі 
– гипертонусы тұрақты немесе қозғалыс 
қайталанған сайын артып тұрады («балауыз қуыршағы» немесе «қорғасын 
түтігі» феномені). Бұлшықет тонусын зерттеу кезінде қарсыласудың үзілуі, 
сатылануы («тісті дөңгелек» феномені) болады. Қол-аяғы берілген қалыпта 
қатып қалуы мүмкін (пластикалық тонус). Экстрапирамидалық жүйенің 
зақымдалуы кезінде пайда болады. 
Бұлшықет 
гипотониясы
кезінде 
пассивті 
қозғалыс 
кезінде 
қарсыласудың 
болмауы, 
бұлшықет 
консистенциясы 
салбыраған, 
буындардағы қозғалыс көлемінің үлкеюі байқалады (мысалы, шамадан тыс 
жазылуы). Балалардың бұлшықет тонусын бағалайтын бірнеше сынамалар 
бар (кесте 6-1) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет