162
Бұлшықет тонусының жоғарлауының екі түрін ажыратады:
Бұлшықет спастикалығы
– қозғалысқа қарсыласу тек пассивті бүгу
мен жазудың бастапқы кезінде ғана, ал соңынан қарсыласу азаяды
(«жиналмалы пышақ» феномені). ОЖЖ-ның жұлынның алдыңғы мүйізінің
жасушаларына әсерінің бұзылысы және сегментарлы рефлекторлық
аппараттың тежелуі кезінде дамиды.
Бұлшықет ригидтілігі
– гипертонусы тұрақты немесе қозғалыс
қайталанған сайын артып тұрады («балауыз қуыршағы» немесе «қорғасын
түтігі» феномені). Бұлшықет тонусын зерттеу кезінде қарсыласудың үзілуі,
сатылануы («тісті дөңгелек» феномені) болады. Қол-аяғы берілген қалыпта
қатып қалуы мүмкін (пластикалық тонус). Экстрапирамидалық жүйенің
зақымдалуы кезінде пайда болады.
Бұлшықет
гипотониясы
кезінде
пассивті
қозғалыс
кезінде
қарсыласудың
болмауы,
бұлшықет
консистенциясы
салбыраған,
буындардағы қозғалыс көлемінің үлкеюі байқалады (мысалы, шамадан тыс
жазылуы). Балалардың бұлшықет тонусын бағалайтын бірнеше сынамалар
бар (кесте 6-1)
Достарыңызбен бөлісу: