Оқулық «гэотар-медиа»


Тыныс жүйесінің функционалдық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет120/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Тыныс жүйесінің функционалдық ерекшеліктері 
Сыртқы тыныс функциясының тиімділігін үш үдеріс анықтайды: 
- альвеолярлық кеңістіктің вентиляциясы; 
- капиллярлық қаң ағымы (перфузия); 
- альвеолярлы-капиллярлы мембрана арқылы газдар диффузиясы. 
 
Оттегі және көмірқышқыл газының диффузиясы альвеоладағы ауа 
мен қандағы парциалдық қысымның әртүрлі болуынан жүреді. Оттегі 
диффузия жолымен альвеоладан өкпе капиллярларына жетеді және 
плазмада (3%-дай) еріп, немесе Hb-мен (97%) қосылып, дененің бар 
бөлігіне тасымалданады. Қанның тасымалдау мүмкіншілігі, айтарлықтай 
дәрежеде Hb концентрациясына тәуелді (Hb-нің әр граммы 1,34 мл оттегін 
қосып алады). Қан айналымында көмірқышқыл элиминациясы бірнеше 
жолдармен жүреді: бикарбонат және сутегі иондары түрінде немесе кейбір 
плазма ақуыздары мен Hb қосындысы түрінде. Нәресте өмірінің алғашқы 
күндері Hb концентрациясы үлкендерге қарағанда жоғары, сондықтан 
оларда қанның оттегін байланыстыру мүмкіндігі жоғары. Бұл ерекшелік 
нәрестеге өкпелік тыныстың күйзеліс кезеңін бастан өткізуіне мүмкіндік 
береді. Нәрестеде, ересек адамдардағы дефинивті Hb-ге (HbA, HbA
2



177 
Сурет 7-8. 
Кеуде қуысының алдынды (а) және артқы (б) беткейіндегі өкпе
 
сегменттерінің проекциясы. Оң жақ өкпе. Жоғарғы бөлігі: 1 - өкпе ұшы сегменті, 2 - 
артқы сегмент, 3 - алдыңғы сегмент. Орта бөлігі бөлігі: 4 - латеральды сегмент, 5 - 
медиальды сегмент. Төменгі бөлік: 6 - жоғарғы сегмент, 7 - медиальды, базальды 
(жүректік) сегмент, 8 - алдыңғы сегмент, 9 - латеральды сегмент, 10 - артқы базальды 
сегмент. Сол жақ өкпе. Жоғарғы бөлігі: 1, 2, 3 - өкпе ұшы, артқы, алдыңғы сегменттер. 
Төменгі бөлігі: 4, 5 - жоғарғы және төменгі тіл тәріздес сегменттер, 6 - жоғарғы (өкпе 
ұшы) сегмент, 8, 9, 10 - алдыңғы, латеральды, артқы базальды сегменттер

қарағанда, оттегіне ұқсастығы басым HbF-тің өте көп болуы өте маңызды. 
Өкпе тынысы тұрақталған соң қандағы HbF-тің концентрациясы тез 
төмендейді. Алайда гипоксиияда не анемия кезінде HbF концентрациясы 
компенсаторлы жоғарылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет