Оқулық «гэотар-медиа»


  айғайлайды. Қарлыққан дауыс стенозды ларинготрахеитте байқалады



Pdf көрінісі
бет122/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

179 
айғайлайды. Қарлыққан дауыс стенозды ларинготрахеитте байқалады.
 
 
Аңқаны қарау 
Аңқа ең соңында қаралады, себебі бала мазасызданып және жылап 
зерттеуге кедергі келтіруі мумкін. Ауыз қуысын қарағанда аңқаның 
жағдайына, бадамша безіне және көмейдің артқы іргесіне көңіл 
аударылады
.
• Бір жасқа дейінгі баланың бадамша безі доғалар сыртына шықпайды. 
• Мектеп алды жастағы балаларда лимфоидты тіннің гиперплазиясы 
жиі кездеседі, бадамша безі алдыңғы доғалар сыртына шығады. Олар 
тығыз болады және түсі көмей шырышты қабатының түсінен 
өзгешеленбейді. 
Егер анамнез жинағанда шағымында жөтел анықталса, аңқаны 
қараған кезде шпательмен тітіркендіріп жөтел шақыруға болады.
 
Кеуде қуысын қарау 
Көкіректі қарағанда оның пішініне және қосымша бұлшық еттің 
тыныс алу қатынасына көңіл аударылады. 

Тыныс алу кезіндегі кеуде қуысының екі жақ жартысының және 
жауырынның (әсіресе олардың бұрыштарының) синхронды қозғалысы 
бағаланады. Бір жақты патологиялық үрдістер түрінде өтетін плеврит, өкпе 
аталектазы және бронхоэктаздар кезінде көкіректің бір жағы (зақымдалған 
жағы) тыныс алудан қалыс қалуын байқауға болады. 

Сонымен қатар тыныстану ритмін бағалау қажет. Дені сау жетіліп 
туған нәрестенің тыныстану ырғағы тұрақсыз болуы және қысқа уақыт (5 
сек дейін) тыныстанбауы (апноэ) мүмкін. Екі жасқа дейін (әсіресе өмірінің 
бірінші айларында), тыныс алу ритмі дұрыс болмауы мүмкін, әсіресе ұйқы 
кезінде. 

Тыныстану түріне көңіл аударылады. Ерте жастағы балаларға 
құрсақтық тыныстану түрі тән. Ер балалардың тыныстану түрі келешекте 
өзгермейді, ал қыздарда 5-6 жасында көкіректік тыныс түрі пайда болады. 

ТАЖ (кесте 7-3) балалардың ұйқы кезінде 1 минут аралығында 
есептеген 
ыңғайлы. 
Нәрестелер 
мен 
сәбилерді 
зерттеген 
кезде
стетоскопты қолдануға болады (оны мұрын жанында ұстайды). Бала 
неғұрлым жас болса солғұрлым ТАЖ жоғары. Нәрестенің беткейлі тыныс 
алуы оның жиілігімен компенсацияланады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет