216
Жас өсе келе ағза ішілік тамырлар ұзарады, олардың диаметрі,
тамыраралық анастомоздар саны, ағза көлемінің бірлігіне сай тамыр саны
көбейеді. Оң және сол тәждік артерия аралық анастомоздың көптігі, мол
тамырлануы және қантамырын қоршап жататын қабаттың борпылдақтығы
балалардың миокардының қабыну және дистрофиялық өзгерістерге
бейімдейді.
Жасы өсе келе веналардың диаметрі және ұзындығы ұлғаяды.
Туғаннан кейін дененің және сирақтардың беткейлі веналарының
топографиясы өзгереді: нәрестелерде қалың теріасты венозды өрімдері
жақсы дамыған, ірі веналар контурлары нашар анықталады. Олар 1-2
жастан кейін айқын көріне бастайды.
Балалар капиллярлары кең, дұрыс емес пішінді (қысқа, иректелген),
үлкендердікіне қарағанда олардың өткізгіштігі жоғары.
Артериалды және венозды торлардың сарапталуы коллатеральды
тамырлардың дамуымен, веналарда қақпақшалар аппараты қалыптасумен,
капиллярлардың саны мен ұзындығының ұлғаюымен негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: