Оқулық «гэотар-медиа»


ші күнінде дөрекі үрмелі жөтел, жалпы мазасыздық, тыныс алуда



Pdf көрінісі
бет141/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

ші күнінде дөрекі үрмелі жөтел, жалпы мазасыздық, тыныс алуда 
көкіректің иілгіш аймақтарының ішке тартылуы, шулы тыныс, 
қарлыққан дауыс пайда болған. Пайда болған симптомдар нені 
дәлелдейді? 
A. Стенозды ларинготрахеит. 
B. Туа біткен стридор. 
C. Көкжөтел ұстамасы. 
D. Бөгде дене. 
E. Жедел пневмония. 
6. 4 айлық балаға қандай физиологиялық тыныс тән? 
A. Әлсіздеу везикулярлы. 
B. Пуэрильды. 
C. Бронхиальды. 
D. Амфоралық. 
E. Қатқыл. 
7. Ерте жастағы балаларда бронхиалды обструкция дамудың басты 
механизмі қандай
?
A. Шырышты қабаттының ісінуі. 
B. Гиперсекреция. 
C. Бронхтар спазмы. 
D. Кірпікті эпителийдің функциясының бұзылуы.
 
Дұрыс жауабы: 1 - А, В, С, D; 2 - А; 3 - D; 4 - Е; 5 - А; 6 - А; 7 - А, В. 


Тарау 8 
Жүрек-қантамыр жүйесі 
ҰРЫҚТЫҢ ҚАН АЙНАЛЫМЫ 
Жүрек құрсақ ішілік дамудың 3-аптасында мезодермадан қалыптасуы 
басталады және 22-ші күннен бастап жиырыла бастайды.
Ұрықтың қан айналым жүйесі ананың қанайналым жүйесінен 
жекеленген тұйық шеңбер болып табылады (сурет 8-1). 
Ұрықтың қан ағысы жүрегінің жиырылу себебіне байланысты, ал 11-
12 аптасынан қан айналымына жазылмаған өкпеде кеуде қуысында теріс 
қысым кезеңін тудыруынан ұрықтың тыныс қозғалысы қанның 
плацентадан жүректің оң жағына түсуіне әрекет етеді. 
Фетальді қан айналымның ең маңызды ерекшеліктеріне жатады: 

плацентарлық қан айналымның болуы; 

кіші қан айналымының қызмет атқармармауы; 

екі оң-сол шунт арқылы (жүректің оң және сол жартысының мен ірі 
тамырлардың аралық қатынасы) кіші қанайналымынан тыс, үлкен 
қанайналымына қанның түсуі ; 

үлкен қанайналымның минуттық көлемінің (оң-сол шунт болуы) кіші 
қан айналымның минуттық көлемінен (қызмет атқармайтын өкпе) 
айтарлықтай басым болуы; 

ұрықтың барлық ағзаларын аралас қанмен қамтамасыз етуі (басым 
оттегімен қаныққан қан бауырға, миға және жоғарғы сирақтарға 
түседі); 

өкпе артериясында және қолқада АҚ біркелкі төмен. 
Құрсақ ішілік кезеңінде плацентарлық қанайналым жағдайына ұрықтың 
адаптациясына төменгі факторлар әсер етеді: 

плацентаның тыныстану беткейінің ұлғаюы; 

қан ағысы жылдамдығының жоғарылауы; 

ұрықтың қанында Нв және эритроциттердің жоғарылауы; 

оттегіге айтарлықтай ұқсастығы бар Нв F-тің болуы; 

оттегіге ұрық тіндерінің салыстырмалы төмен қажеттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет