318
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Зәр шығару ағзаларының зерттеуі баладан және ата–анасынан
сұрастыру, қарау, пальпациялау, перкуссиялау,
зертханалық және
аспаптық зерттеулер арқылы жүргізіледі.
Сұрастыру
Баладан және ата-анасынан сұрастыру жүргізгенде шағымдарын және
көңіл-күй бұзылысын белсенді анықтау қажет.
Іштің, бел тұсының ауырсынуын. Балалардың ауырсыну аймағын
нақты білмеуіне көңіл аудару қажет. Сау жағының ауырсынуы
рефлекторлы болуы мүмкін.
Дизуриялық бұзылыстар:
жиі немесе сирек зәр шығуы, зәр шығу
кезінде ауырсыну, зәрді ұстай алмау не еріксіз шығуы, энурез.
Бетінің, аяғының ісінуі. Кейде ата-анасы бала салмағын күрт
қосқанымен шатастырады.
АҚ жоғарылауы,
кейде бастың аурумен, бас айналуымен, жүрек
тұсының ауырсынуымен жалғасады.
Зәр түрінің өзгеруі (мөлдір емес, тұнба түсуі, түс өзгеруі).
Себепсіз температурасының фебрильдіге дейін көтерілуі немесе ұзақ
субфебрильді.
Көру, есту бұзылысы.
Диспепсиялық бұзылыстар (жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, іш
өтуі), шөлдегіштік, қышыну.
Әлсіздік, солғындық,
тез шаршағыштық, жайсыз сезіну, адинамия,
арықтау.
Міндетті түрде
өмір анамнезін, ауру анамнезін, жанұя анамнезін
анықтау қажет:
қашан шағымдана басталды;
өткізілген анализдердің нәтижелерін;
жүргізілген ем және оның нәтижесін;
жақын туыстарында зәр шығару жүйесінің ауруы бары жоғын.
Достарыңызбен бөлісу: