- Висцеральды және вегетативті рефлекстер (көз-жүректік, күнгейлік
өрімді, қарашықтық) балаларда анық білінбейді. Дермографизмді
тұйық затпен теріге штрих жүргізіп қоздыру арқылы тексереді.
Қалыптыда тітіркендірген аймақта жолақ тәрізді терінің қызаруы
байқалады. Жүйке жүйесінің парасимпатикалық тонусы жоғары
болғанда қызыл жолақ жалпақ болады және ұзаққа сақталады.
Симпатикалық бөліктің тонусы жоғары болғанда терінің боздығы
байқалады
(ақ
дермографизм).
Аралас
не
«валик»
тәрізді
дермографизм
вегетативті
дистонияда
байқалады,
алақанның,
табанның, қолтық астының тершеңдігімен, акроцианозбен білінеді.
Вегетативті
жүйке
жүйесінің
жағдайын
бағалау
үшін
терморегуляцияны (дененің әр түрлі бөлігінің температурасын), тер
шығуын, жас және сілекей бөлінуін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: