Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Қолжазбаның шартты-ерікті үлгілері –



Pdf көрінісі
бет52/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

Қолжазбаның шартты-ерікті үлгілері – 
ол қылмыстық іс 
қозғалғаннан кейін орындалған құжаттағы қолжазбалар. Оларға: іс бойынша 
материалдар (түсініктеме, наразылық, жауап алынатын адамның жауап алу 
хаттамасы). Мұндай жағдайларда сарапшыға ерікті үлгілерді алу мүмкін 
еместігі туралы хабарландырылады. Сараптамалық зерттеуді жүргізу аталған 
жағдайларда қиындыққа ұшырайды, ал кейде қолжазбаның теңдестіру 
(идентификациялық) белгілері жеткілікті болса, сарапшының алдына 
қойылған сұрақтар шешіледі. 
Қолтаңбалық сараптаманы тағайындау кезінде салыстырмалық 
материалдарды дайындаудың ерекшеліктері. 
Құжаттағы қолтаңбалар – 


65 
қолжазбалармен салыстырғанда сот-қолжазбалық сараптаманың ең жиі 
кездесетін объектісі. Өз аты-жөнін жиі жаза бергендіктен жазу-қимыл 
дағдылары қолтаңбада тезірек қалыптасады. Әр түрлі факторлардың әсер 
етуінен тұлғада әр түрлі құжаттарға қол қою кезінде әр түрлі қолтаңбасы 
қойылады.
 
Қолтаңбаның ерікті және эксперименталды үлгілерінен басқа сезіктіден 
басқа күдік тудыратын (тергеушімен, сотпен) өзгеде тұлғалардың 
қолтаңбаларының үлгілері алынады. Ерікті үлгілер ретінде еңбек 
шарттарында, есептеу түбіртектерінде, арыздарда кездесетін қолтаңбаларды 
айтамыз. Қолтаңбаның ерікті үлгілері 10-нан кем болмауы керек, ал кейде 
одан да көп болуы керек. Тергеушімен (сотпен) сезіктілерден және 
қолтаңбасы жалған түрде орындалған тұлғаның ерікті үлгілерімен қатар, 
эксперименталды үлгілері алынады. Ерікті үлгілерге еңбек шарттарындағы, 
арыздағы, төлем түбіртектеріндегі қолтаңбалар т.с.с. жатады. Ұсынылатын 
бос үлгілердің саны 10-нан кем болмау керек, кейде құжаттарды және оларды 
салыстыру үшін ұсынылған үлгілерді қарау сатысында, қолтаңбалардың 
алуан-түрлігі, жазылу-қозғалыс дағдыларының қолтаңба орындағандағы 
тұрақсыздығы орын алса, үлгілер 10-нан да көп данада ұсынылуы керек.
Қолтаңбалардың эксперименталды үлгілері жеке парақта интервалдың 
сақталуымен орындалуы керек. Қолтаңбаның үлгілері 30-40-тан кем болмауы 
керек (жеке парақта 5-6 қолтаңба). 
Қолжазбалық сараптама тағайындаудың алдында тергеуші (сот) кімге 
қатысты сараптама жүргізіледі, соған қатысты ақпарат жинау керек: ұлты, 
жасы, жынысы, білімі, оқиғаға дейінгі қолжазбасы қандай болды, оқиғадан 
кейінгі қолжазбасы туралы мәлімет, қай қолымен әдетте жазады, көзілдірік 
киеді ма, жоқ па, шет тілде жаза алады ма, жоқ па, аталған жағдайлар 
сарапшының алдына қойылатын міндеттерді шешуге, салыстырмалы 
зерттеулердің нәтижелерін бағалауға және ерікті, экспернименталді 
үлгілердің саны мен көлемін анықтауға әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет