Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


еркін, эксперименталды және шартты-ерікті үлгілер



Pdf көрінісі
бет49/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

еркін, эксперименталды және шартты-ерікті үлгілер. 
 
Қолжазбаның 
ерікті үлгілері – 
субъектінің іске қатысты емес 
қолжазбаларын айтамыз. Ерікті үлгілерде субъектінің жазба-қозғалу 
дағдыларының қалыптасуына қатысты қолжазбаны әдейі өзгерту фактісі 
орын алуы мүмкін емес. Ерікті үлгілерге қызметтік жазбалар, өмірбаяны
арыз, жеке хаттар, дәріс т.с.с. жазбалар жатады.
Ерікті үлгілерге қойылатын талаптарға қолжазба сарптама жүргізіліп 
жатқан адамға қатысты болуы керек. Ол үшін сот немесе тергеуші жиналған 
құжаттарды оларды орындаған адамдарға ұсынудан бастайды. Нәтижелерін 
екі куәнің қатысуымен хаттамада тіркейді (ҚР ҚІЖК 223 б). Әрбір үлгі сол 
үлгіні орындаған адамның қолымен куәландырылады, мысалы: «Мәтін 
менімен орындалды. Қолтаңбасы...» 
Егер қандай да бір мән-жайларға қатысты ерікті үлгі ретіндегі 
қолжазбаны (қолтаңба) орындаған субъектіге ұсыну мүмкін болмаса, олар 
сол субъект қызмет жасайтын немесе оның әріптестеріне, туыс-тумаларына 
ұсынылады және олардың аталған қолжазбамен танысқандығы туралы 
сараптаманы тағайындау туралы қаулыда бекітіледі. 
Қолжазбаның үлгісі шынайлығы жағынан күдік тудыратын болса, оны 
сараптамаға ұсынудың қажеттілігі жоқ. 
Сараптамаға ерікті салыстырмалы үлгілерді ұсыну үшін, оның 
зерттеліп отырған құжатпен сәйкес болуы ұсыныс ретінде қарастырылады. 


63 
Тергеушілер, соттар және сарапшылар үшін сәйкес болу шеңбері Әдістемеде 
көрсетілген
7
, атап айтсақ: 
жазуы және тілі бойынша 
– ерікті салыстырмалы үлгілер зерттеліп 
отырған құжаттың тілінде болуы керек; 
жазылу уақыты бойынша 
– ерікті салыстырмалы үлгілер зерттеліп отырған 
құжаттың жазылу уақытының арасы алшақ болмау керек ( аталған шеңберлер 
сақталмаса, сараптаманы өткізу, өткізбеуді сарапшы шешеді); 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет