Аралық бақылау сұрақтары: 1 Психология ғылым ретінде. Мақсаты. Міндеттері


)Қарым-қатынастың перцептивті жағы: жалпы сипаттамасы, құралдары



Pdf көрінісі
бет29/53
Дата15.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#123119
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Байланысты:
Рк психология

49)Қарым-қатынастың перцептивті жағы: жалпы сипаттамасы, құралдары
формалары. 
Перцепция -латын тілінен аударғанда 
“қабылдау “
дегенді білдіреді.
Аспект,яғни 
адамдардың бірін бірі өзара дұрыс қабылдауы,түсінуі мен бағалауы.Оның ішкі дүниесіне 
бойлау,әрбір жеке сәтінде оның псих. жағдайын сезіну дағдысы,оның тәртіп себебін түсіну 
дағдысы.Бұл жерде қабылдау ғана емес,оның мінездік 
сипаттамасы,ойлары,қабілеттері,эмоциясыкіреді.
Адамның 
адамды қабылдау 
механизмдері:идентификация,эмпатия,рефлексия,стереотипизация,аттракция,казуал 
атрибуция. әлеуметтік перцепция – адамның сыртқы белгілерін қабылдау, оны жеке 
тұлғалық психологиялық сипаттамаларымен сәйкестендіру, талдап түсіну, соның негізінде 
келешектегі іс-әрекеттерін болжау деген пікірге жақын. Айтылғанды схема түрінде 
көрсетуге болады.Әлеуметтік перцепцияның төрт функциясы бар: өзін-өзі тануы, қарым-
қатынас партнерін тануы, өзара түсіністік жағдайында бірлескен іс-әрекет пен эмоциялық 
қатынастардың іске асырылуы. Әлеуметтік перцепцияны қарастырғанда екі мәселеге 
көңіл аудару қажет: қабылданатын адамның (субьект) психологиялық және әлеуметтік 
ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден жеке адамаралық бейнелеу механизмдерінің 
талдауына. 
Идентификация
, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа 
адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификация басқа адамның құндылықтар 
нормасы, мінез-құлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі. 
Эмпатия
-басқаның қуаныш-
сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті.
 Рефлексия
-қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны 
қалай қабылдайтынын түсінуі. Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу 
механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы-
аттракция.
Каузалды атрибуция
адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін 
тауып, сол объектіге телу жағдайы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет