89
«Асыл мұра» сериясы
3)
Қозғалу есі яки мотор есі.
Қозғалу есі күшті адам
заттың қозғалуын есінде ұстайтын болады. Мысалы,
кейбір адам таныстарының жүріс-тұрысын ұмытпай-
тын болады. Адамда осы ес түрлерінің біреуінің күшті
болуы кѳбінесе тұқым қуалайды. Мысалы, әнші, дом-
бырашы, ѳлеңшінің баласында есту есі күшті болады.
Және бір адам кѳңіл қойған нәрселеріне есті болып,
кѳңіл қоймағандарына ессіз болуға мүмкін. Мысалы,
ѳлеңші ѳлеңді тез жаттампаз болады. Атақты жара-
тылыс ғалымы Линей ѳсімдік аттарын жаттауға шебер
болған да, шет тілдерді үйренуге тым-ақ топас болыпты.
Достарыңызбен бөлісу: