93
«Асыл мұра» сериясы
алайық. Дәл романда суреттелгендей Жамал деген қыз
қазақта болған емес. Бірақ Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақ-
бала... деген қазақтың қыздары бар. Осы – сүйгенімен
қосыла алмай, қосылса, бақытты ѳмір сүре алмай, сар
даланы кѳз жасымен кѳл қылатын қазақтың сорлы қыз-
дарын оймен бірге жинасаң, солардың бәрінен сорлы,
бәрінен бақытсыз Сәрсенбайдың Жамалы келіп шы-
ғады. Міне, Міржақып жанында бұрыннан бар сурет-
теулерден яғни Нұрила, Сағила, Аққыз, Ақбала... су-
реттеулерінен жаңа суреттеуді, яғни бақытсыз Жамал
суретін қайрат жұмсап ѳзі тілеп жасап отыр.
Фантазия тѳмендегі жолдармен жасалады:
1) Заттардың ѳздерін яки олардың бір мүшелерін
зорайту яки кішірейтумен. Мысалы, біз бойы бір тұ-
там ергежейлі деген адам болады екен деп, тѳбесі кѳкке
тиіп жүретін алып болады екен деп қиял қыламыз.
2) Әр заттың түрлі мүшелерін алып қосумен. Мы-
салы, адам басты, ит кеуделі, жылан құйрықты бір жа-
нуар болады-мыс деп қиял қылу сықылды.
3) Реті келгеңде ѳздері де жиыла алатын кѳріністерді
бір суретке жиюмен, түрлі адам мінездерін бір адам-
ға жиюмен. Мысалы, Міржақып Нұрила, Сағила, Ақ-
қыз, Ақбалалардың мінезін һәм олардың тұрмысында-
ғы болған кѳріністерді, уақиғаларды Жамалға жинап
отыр. Міржақып қолдан жасамай-ақ, сондай мінезді,
сондай тұрмысты Жамал деген қыздың шынында бо-
луы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: