141
«Асыл мұра» сериясы
болуларына ѳте ықтият қылу керек.
Балада құлық
сезімдерінің бекуі, кеңеюі, тереңдеуі үшін балаға әде-
биеттен, тарихтан ѳрнек әңгімелер сѳйлеу һәм оқыту
керек. Әрбір ұлттың әдебиетінде ізгі һәм жауыз құлық-
қа ѳрнек болғандай әңгімелер толып жатыр. Солармен
дұрыс пайдалана білу керек. Яғни әдепті бол, әділ бол,
ѳтірік айтпа деген сықылды. Құрғақ, жалаңаш сѳзде
пайда жоқ. Баланың алдына құлықтың әрбірі әдейі
киініп ѳрнек күйінде ғана келсін. Ѳрнектен
нәтижені
бала ѳзі-ақ шығарып алады.
2)
Үйде һәм мектепте дұрыс тәртіп болу.
Үй
һәм мектептегі тәртіп баланы ізгі құлықтарға әдет-
тендірсін. Әдеттендіру мынадан табылады. Үй һәм
мектептегі тәртіп құбылмалы болмасын, яғни ата-ана-
ның, мұғалімнің күйіне қарап тәртіп ѳзгеріп отырма-
сын. Тәртіп ѳзгермейтін ізгі құлық заңдарына негіздел-
ген болсын. Болмаса, бүгін жараған іс ертең жарамай-
тын болып отырса, балада тәрбиешіге сенім қалмайды.
Бұл – бір. Екінші, баланың жаратылысы, табиғаты ті-
лейтін нәрседен баланы тыю дұрыс емес. Жүгіруден,
ойыннан тыю сықылды. Баланың жаратылысы тілейтін
нәрседен тыйсаң, бала бұл жасама тәртіпті оп-оңай бұ-
рып кетеді. Яғни бала ѳтірік айтуға, алдауға үйренеді.
Баланың ѳтірік айтуы, алдауы оны жасама тәртіп ішіне
қамаудан.
Маңайындағы тәртіп, тұрмыстың құрылы-
сы баланың жаратылысына қайшы болса, бала ондай
тәртіпті аттап ѳтеді. Үшінші,
тәрбиеші мен баланың
арасы ѳте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет,
жат деп қарамасын. Екеуінің
арасында сенбеушілік
болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай,
қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай
досым деп білсін. Бала
тәрбиешіні осылай деп білсе,
ол уақытта одан ешбір ойын, ешбір ісін жасырмайтын
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
болады.
Жасырмайтын болса, ѳтірік айту, алдау сы-
қылды ұнамсыз құлықтарға орын да қалмайды.
3)
Достарыңызбен бөлісу: